ЖАҢА ТӘУЕЛСІЗ ДИРЕКТОР – «ҮМЗ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ
ЖАҢА ТӘУЕЛСІЗ ДИРЕКТОР – «ҮМЗ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ
2021 жылғы 18 қарашада «ҮМЗ» АҚ барлық дауыс құқығын беретін акцияларды иеленуші жалғыз акционері Раимханов Абзал Түлепбергенұлын тәуелсіз директор – «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін мерзімге сайлау туралы шешім қабылдады («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің көзбе-көз отырысының 2021 жылғы 18 қарашадағы №14/21 хаттамасы).
Раимханов Абзал Түлепбергенұлы
1984 жылы туған
Білімі:
2001-2006 жж. – Қ.И. Сәтпаев ат. ҚазҰЗТУ инженер-машина құрастырушы, бакалавр;
2008-2009 жж. – Staffordshire University/APIIT технологияларды басқару магистрі;
2017-2019 жж. – MIT (АҚШ) ынтымақтастағы Asia School of Business бизнес-әкімшілдеу магистрі.
Еңбек қызметі:
2006-2007 жж. – «Алматыметрострой» АҚ инженері;
2009-2011 жж. – «Қазақстан Даму Банкі» АҚ менеджері, бас менеджер;
2011-2014 жж. – SNC-Lavalin INC ОА бизнесті дамыту жөніндегі директоры;
2014 ж. – «Базис А» ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі директоры;
2014-2015 жж. – РК TYPSA S.A. бойынша менеджер;
2015-2017 жж. – «Resmi Trade» ЖШС директоры;
2018 ж. -Petronas кеңесші;
2019-2020 жж. – Esquel Group Бас Директордың орынбасары;
2021 ж. ақпан – сәуір -Olive House маркетинг және сату жөніндегі кеңесші;
2021 ж. ақпан – осы уақытқа дейін -Asia School of Business + Massachusetts Institute of Technology профессордың ғылыми жұмыс жөніндегі көмекшісі;
2021 ж. ақпан – осы уақытқа дейін -ARnomad Consulting негізін қалаушы, басқарушы серіктес.
Біліктілігін арттыру туралы мәліметтер:
2020 ж. желтоқсан – Алты Сигма – University System of Georgia өндірісті басқару жөніндегі тұжырымдама;
2020 ж. желтоқсан – University of Illinois корпоративті стратегия;
2021 ж. қаңтар – University of Virginia сандық түрлендірулер.
Жаңарту күні: 15.10.2024