Лайықты алғыс
- ҮМЗ қызметкерлерін Еңбек күнімен және Атом саласы қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын! Бұл жаңалықтар ашуға және жетістіктерге ұмтылатын еңбегіне адал адамдардың мерекесі. Сіздер жұмыс істейтін сала – ел үшін стратегиялық маңызды салалардың бірі! ҮМЗ – зор тарихы бар кәсіпорын. Мұнда өңіріміздің дамуына үлес қосқан адамдар ұрпақ-ұрпақпен жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда Қазақстан атом электр станциясын салу туралы маңызды шешім қабылдау қарсаңында тұр және біз ҮМЗ қызметкерлерінің халыққа бұл қадамның маңыздылығын түсіндіруге белсенді қатысып жатқанын көріп отырмыз! Біздің марапатталған әріптестеріміздің қатарында Юрий Ельников (ЭО), Руслан Аитпаев (УӨ), Ермек Бакирбаев (БӨ), Сергей Солдатов (ҒО), Ирина Кочеткова (СО), Манарбек Садырбаев (АШ), Павел Шаповалов (ҚШ), Александр Ушаков (СО), Дмитрий Килочек (ҚҚО) бар.
Сондай-ақ, Еңбек күніне орай көп жылғы адал еңбегі, кәсібилігі және облыстың дамуына қосқан үлесі үшін ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың атынан тантал өндірісі №10 цехының энергетигі Александр Мишин Алғыс хатпен марапатталды.
Самал Ахметкалиева
Жаңарту күні: 08.01.2025