«Кайдзен» – жұмыс істеуде!
ҮМЗ қызметкерлері «10 000 жақсартулар бағдарламасына» белсенді қатысуды жалғастыруда. «Гемба Кайдзен» қағидаттарын қолдана отырып, зауыттықтар рационализаторлық ұсыныстарға бастама жасап, енгізеді.
Уран өндірісінде «ЗЕ183ВМ модельді центрсіз шеңберлі тегістеуші жартылай автоматтың тіреуіш пышағының жұмыс бетін қалпына келтіру» жобасын іске асырды. Тегістеу процесінде тіреуіш пышақтың беті отын таблеткаларының қажақ бетінің әсерінен қарқынды физикалық тозуға ұшырайды. Тіреуіш пышақты қайтадан пайдалану үшін рационализаторлар түзілген ақауларды толық жою үшін оның қатты қорытпалы бетін тегістеуді ұсынды. Осылайша пышақтың жұмыс беті қалпына келтіріледі, бұл өнімнің сапасын, өндірістік процестің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және жабдықтардың жұмыс істеу мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.
Тантал өндірісінде «АГҰ өндірісі барысында ұсақ өлшемді тантал гарнитурасын пайдаланумен ылғал майдалы өзекті диірмендерде тантал гидридтерін ұсақтау» рационализаторлық ұсынысы енгізілді. Агломерленген ұнтақты шығару (АГҰ) үшін және әртүрлі класты бастапқы конденсаторлық ұнтақтардың (БКҰ) атқарымы үшін ылғал майдалы диірмендерде гидридтерді ұсақтау кезінде майдалайтын дене ретінде тантал жоңқалары қолданылған. Алайда бұл технологияның кемшіліктері болды – танталдың ұсақ дисперсті ұнтақтарын өндіру барысында өзектерді қодану. Тантал өндірісі мен ғылыми орталықтың рационализаторлары тантал өзектерінің орнына ұсақ өлшемді тантал гарнитурасын пайдалануды ұсынды. Осының арқасында материалды диірменге салу коэффициенті өсті, айналым (гидрид) саны азайды, өнімді өндіру уақыты қысқартылды.
Жаңарту күні: 04.03.2025