Зияттық жеңіс
25.04.2025
21 сәуірде ҮМЗ командасы «Мансаптық quiz: барлығы мамандықтар туралы» зияттық ойынында бірінші орынды иеленді.
Іс-шара Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Мансап орталығы базасында өтті. Біздің әріптестерімізбен қатар викторинаға ЖОО студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ ірі серіктес кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты. Барлығы 7 команда жиналды.
Жеңіске жету үшін үлбіліктер ойынның бес айналымынан өтуге мәжбүр болды. Қатысушылар Қазақстанның жаңа кәсіптері мен құзыреттіліктерінің атласы бойынша күрделі сұрақтарға жауап берді, әннен үзінді бойынша мамандықтардың аттарын атады, кинофильм кейіпкерлерінің лауазымдарын атады, сурет бойынша мамандықты болжады.