Ұлы Жеңіске арналады
5 мамыр күні Үлбі металлургиялық зауыты алаңында 3477 әскери бөлімінің ұйымдастырумен қарулы күштердің құрылғанына 33 жыл толуына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығына арналған салтанатты митинг өтті.
Штаб бастығы-3477 әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Денис Шемет, зауыттың қауіпсіздікпен қамтамасыз ету отрядінің қызметкерлерін марапаттады. Олардың ішінде: ауысым бастығы Виталий Руденко, БӨП бақылаушылары Александр Абакумов, Арман Қайрканов, Асхат Салимов, Канат Рустемов, Ержан Зейнолланов, Илья Пономарев, Медет Муратбек, техникалық күзет құралдарын пайдалану жөніндегі инженер Дмитрий Филимонов, БӨАжА слесарі Даниил Выходцев.
Мерекенің құрметті қонағы ҰОС ардагері Анастасия Светочева болды. Ол әскери байланысшы болып жұмыс атқарған. Соғыстан кейін ол Өскеменге көшіп келді, осында әлі де тұрады.
Ресми бөлімнен кейін мерекелік концерт өтті, онда соғыс жылдарындағы сүйікті әндер шырқалды.