Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

180 құтқарылған өмір!

01.07.2025

18 маусымда дәстүрлі Донорлар күні өтті. Акцияға қатысуға ниет білдірген 64 адам болды, оның 60-ы ойдағыдай қан тапсырды. Бұл 180 адамның өмірін сақтап қалуға жарайтын 30 литрден астам донорлық қан. Қатысушылардың бірі – энергетикалық орталықтың инженер-экономисі Ернар Ахметов осымен екінші рет қан тапсыратынын айтты:

– Бұл денсаулыққа пайдалы, және де ең бастысы – біз шынымен де өмірлік маңызды іс жасап отырмыз! Бүгін көптеген әріптестеріміз келді – адам өмірін құқару үшін ұжым болып ұйымдасқанын көру көңілге жағымды!

Қан орталығы акцияның барлық донорлары мен ұйымдастырушыларына шын жүректен алғысын білдіреді. Қайырымдылық, қамқорлық және бей-жай қарамағаны үшін рахмет!