Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

Ертеңгі күнге көзқарас

10.09.2025

20 тамызда ҮМЗ өкілдері «Тәлімгер» жобасы аясында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын отбасылық үлгідегі балалар ауылына барды. Кездесудің мақсаты: балаларды зауыттағы жұмыспен таныстыру.

Балалар ауылына персонал жөніндегі директор қызметінің қызметкерлері және зауыттың жастар бірлестігінің (ЖБ) өкілдері келді. Рекрутинг тобының мамандары балаларға болашақ мамандықты таңдауға көмектесу мақсатында, оларға кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ зауыт, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК корпоративтік құндылықтары, ағымдағы бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасу тәртібі, жұмыс шарттары, әлеуметтік пакет және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынды. ТӨ өндірісті дайындау жөніндегі инженері, «Самұрық-Қазына» АҚ ШҚО бойынша жастар кеңесінің өңірлік төрағасы Сергей Головин және стратегиялық даму жөніндегі менеджер, ЖБ төрағасының орынбасары Арман Нугуманов зауыттағы жастарды қолдау саясаты туралы айтып берді, ал спортшы, УӨ аппаратшысы Мария Юшкова өндірістегі жұмысты кәсіби спортпен табысты ұштастыру тәжірибесімен бөлісті. Балалар үлкендерді ден қоя тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.