Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

42 жыл бойы өз ісіне адалдық

06.11.2025

БӨ № 1цехының химия-металлургиялық бөлімшесінің ауысым шебері Владимир Крюков «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Владимир Анатольевич зауытта 42 жыл жұмыс істейді, ауысым шебері ретінде үлкен тәжірибесі бар, технологиялық ауысым жетекшісінің міндеттерін ойдағыдай орындайды. «10 000 жақсарту» бағдарламасының белсенді қатысушысы болып табылады. ФБА ерітінділерін буландыру процесін автоматтандыруды әзірлеуге және енгізуге тікелей қатысты. Оның есебінде химиялық учаскенің технологиялық процестері мен жабдықтарын жаңарту және жақсарту бойынша бірнеше рационализаторлық ұсыныстар бар.

2014 жылы «Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» I дәрежелі (алтын) құрмет төсбелгісімен марапатталды, 2024 жылы оған «Зауыт ардагері» құрметті атағы берілді.