Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

Дәстүрге алғыс білдіру

07.11.2025

Үлбі металлургиялық зауытының ұжымы өңірдің табиғи ортасын жақсартуға және облысымыздың жасыл белдеуін кеңейтуге қосқан үлесі үшін ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан алғыс хат алды.

Бұған зауыт пен облыстың табиғи ресурстар басқармасы арасында ағаш тұқымдасының көшеттерін отырғызу бойынша бірлескен экологиялық акция өткізу туралы Меморандумға қол қою негіз болды. 18 қазанда ҮМЗ, «Үлбі-ЖПҚ» және Машзавод жұмыскерлері Жоғарғы Үбі орман шаруашылығымен және Большереченский орман шаруашылығымен бірлесіп Жоғарғы Үбі кентінің маңына 20 000 шырша отырғызды.

Зауыт жұмыскерлері қаланы және зауыт алдындағы аумақтарды көгалдандыру бойынша акцияларды соңғы бірнеше жыл бойы үнемі жүргізіп, күтім жасау және суару бойынша міндеттемелерді өз мойндарына алды. Бірақ зауыт тарихындағы мұндай ауқымды бастама бірінші рет.

Қатысушылар өңіріміздің аумақғын бірлесіп көгалдандыруды жалғастыруға келісті.