ЖБҚ – елдің басты экспорттық тауарларының ондығында
«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-ның жылу бөлетін құрастырмалары 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның экспорттық тауарларының ондығына енді, деп хабарлайды «Курсив» басылымы. Бұл ел экономикасы мен атом саласының дамуы үшін маңызды жетістік.
2025 жылы кәсіпорында 471 ЖБҚ (уран эквивалентінде 214,7 тонна) өндірілді, бұл 439 жинақ шығарылған 2024 жылғы көрсеткіштен артық. Өсім қазіргі заманғы жабдықтың, қызметкерлердің құзыреттілігін дамытудың және жобалық қуатқа шығудың арқасында мүмкін болды.
Бүгінде зауытта 200-ден астам маман жұмыс істейді. ЖБҚ өндірісі көп деңгейлі сапаны бақылайтын күрделі үдеріс болып табылады, ал дайын өнім Қытайдың атом электр станцияларына жеткізіледі.
Бас директор Арман Сүлейменовтың айтуынша, жоба атом саласын дамытуға, қосылған құны жоғары өнім үлесін ұлғайтуға және Қазақстанның әлемдік нарықтағы позициясын нығайтуға ықпал етеді.


