Қауіпсіздік балалық шақтан басталады
02.06.2026
Үлбі металлургия зауытының қызметкерлері № 1 Өртке қарсы авариялық-құтқару бөлімінің мамандарымен бірлесіп «Ульбиночка» балабақшасының тәрбиеленушілеріне өрт қауіпсіздігі жөнінде сабақ өткізді.
Балаларға өрт шыққан жағдайда қалай әрекет ету керектігі, отпен ойнауға неліктен болмайтыны және қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау қажеттігі туралы айтылды. Балалар әңгімеге белсене қатысып, сұрақтарға жауап берді және өз білімдерімен бөлісті.
Тәжірибелік бөлім ең қызықты сәт болды: тәрбиеленушілер нағыз өрт сөндіру техникасымен танысып, жабдықтарды қарап шықты және өздерін құтқарушы ретінде сезіне алды.


