«МАШЗАВОД» ЖШС өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтті
«Үлбі металлургиялық зауытының» еншілес кәсіпорны – «МАШЗАВОД» ЖШС 30 жылдығын атап өтті. Үш онжылдықта кәсіпорын ондаған ірі өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асырып, Қазақстанның атом саласындағы сенімді серіктес ретінде танылды.
Соңғы жылдардағы ең маңызды жобалар қатарында «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС жылу бөлетін құрамаларды шығаратын зауыттың құрылысына қатысу, Инкай-1 және Сателлит-1 кеніштері нысандарының құрылысы мен реконструкциясы, Қанжуған кенішіндегі аффинаждық цехты жаңғырту, сондай-ақ Буденевское кен орнының қайта өңдеу кешеніне арналған ерекше жабдықтарды дайындау мен монтаждау бар.
Бүгінгі таңда «МАШЗАВОД» «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тобының кәсіпорындары, Үлбі металлургиялық зауыты және басқа да тапсырыс берушілер үшін ауқымды жобаларды орындауды жалғастыруда. Кәсіпорын қоржынында ерекше жабдықтарды дайындау және өндірістік нысандардың құрылысына қатысу бойынша жаңа жобалар бар.
30 жылдық мерейтой кәсіпорын тарихындағы маңызды белес және ең күрделі өндірістік міндеттерді табысты шешуді әрі болашаққа сеніммен қарауды жалғастырып келе жатқан ұжымның жоғары кәсібилігінің дәлелі болды.


