ҮМЗ ғылыми әзірлемелері халықаралық деңгейде танымал болды
2026 жылдың мамыр айы Үлбі металлургиялық зауытының мамандары үшін табысты болды. Кәсіпорынның сарапшылары мен жас зерттеушілері өз әзірлемелерін бірден екі ірі ғылыми алаңда – Алматыдағы «Уран және сирек металдар өнеркәсібін дамыту» атты ХІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында және Курчатов қ. Жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының XXV конференция-байқауында ұсынды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ұйымдастырған халықаралық конференцияда ҮМЗ ғылыми орталығы атом саласын дамытудың өзекті бағыттарына арналған төрт баяндама ұсынды. Кәсіпорын мамандары жаңа материалдар алу, құрамында ураны бар қалдықтарды қайта өңдеу, сұйық радиоактивті қалдықтар көлемін азайту және перспективалы медициналық қорытпаларды әзірлеу саласындағы зерттеулердің нәтижелерін паш етті.
Зауыт жұмыскерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының жас ғалымдар конференциясында да дәл сондай табысты өнер көрсетті. Жоғары бәсекелестік жағдайында ҮМЗ мамандарының ғылыми жұмыстары сарапшылар алқасының жоғары бағасына ие болып, арнайы номинациялармен марапатталды.
Елдің жетекші ғылыми форумдарында қатысу Үлбі металлургиялық зауытының зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейін және оның мамандарының атом өнеркәсібін дамыту мен заманауи технологияларды енгізуге бағытталған әзірлемелерінің сұранысқа ие екендігін дәлелдейді.


