Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

Сапа – бақылауда

28.07.2026

Ені небәрі 0,25 миллиметр болатын ең жұқа тантал таспасы Сынау орталығының тантал өнімін техникалық бақылау бюросының бақылау шебері Фариза Карменеваның қолына түскенге дейін 8 тәулікке жуық өндірістік процестен өтеді. Осы уақыт ішінде металл 17 металлургтің қолынанан өтіп, 3 балқыту, 3 пеш, 4 илемдеу орнағынан, 4 күйдіру, 2 престеу операциясынан және химиялық тазалартудың 2 кезеңінен өтеді.

Техникалық бақылау бюросы – сапа менеджменті жүйесінің маңызды элементтерінің бірі. Дәл осы жерде өнім нормативтік құжаттаманы әзірлеуге қатысудан бастап, дайын өнімнің сапасын растайтын құжаттарды ресімдеуге дейінгі барлық кезеңдерде сүйемелденеді.

Бақылаушылардың функционалы – дайын өнімді бақылау және сынау, нормативтік және техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкессіздіктерді анықтау, сақтау жағдайларын бақылау, құжаттаманы ресімдеу. ТББ бақылаушылары өнімнің әртүрлі түрлерін – құймаларды, таспаларды, шыбықтарды, түптабандарды, дискілерді, жұқалтырды, сымдарды және басқа да бұйымдарды бақылау мен сынау жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар өнімнің қаптамасын, таңбалануын және сақтау жағдайларын бақылайды, сапа сертификаттарын ресімдейді.