Казатомөнеркәсіп отандық тауар өндірушілерді қолдайды
11.09.2026
Ұлттық атом компаниясы Астанада мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, Қазақстан машина жасаушылар одағы, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС және отандық бизнес өкілдерінің басын қосты. Дөңгелек үстелге қатысушылар импортты алмастырудың перспективалы бағыттарын, қазақстандық өндірушілердің сатып алуларға қатысуын кеңейту мүмкіндіктерін және қолжетімді қолдау тетіктерін талқылады.
Қазатомөнеркәсіп отандық жеткізушілер базасын дамыту және сатып алулардағы қазақстандық өнімнің үлесін арттыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Басым бағыттардың қатарында өнімнің жаңа түрлерін игеру және өндірістік мүмкіндіктерді кеңейту бар.


