«Қазатомөнеркәсіп» уран өндірісіне қажетті мамандар даярлауға бағытталған жобаларды жүзеге асыруда
11.09.2026
Қазақстан-Британ техникалық университетімен бірлесіп «Уран ісі» бағдарламасы іске қосылды. Кәсіби білімнің сапасын арттыру үшін арнайы полигонда бұрғылау қондырғысы орнатылып, жабдықталған кабинет ашылды. Салтанатты шараға «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы мен ҚБТУ басшылығы, «Уран ісі» бағдарламасының бірінші курс студенттері қатысты.
Елімізде «Уран ісі» білім бағдарламасы 2025 жылы іске қосылды. Уран өнеркәсібіне қажет кадр даярлауға бағытталған бағдарламаны ҚБТУ оқытушылары мен «Қазатомөнеркәсіп» мамандары бірлесіп әзірлеген. Былтыр 40-тан астам студент білім алса, биыл бірінші курсқа 70 бала қабылданды. Бұл жастардың атом энергетикасы мен уран өнеркәсібіне қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді.


