Жүректен шыққан сөздер
Қазан айында Астанада «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жұмыскерлері арасында Касым Аманжоловтың 115 жыл мерейтойына және Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Қасым мен Мұқағали әлемі» атты байқау өтті.
Үлбі металлургиялық зауыты атынан сынау орталығы уран өнімін химиялық талдау зертханашысы Наталья Дунаева өз өнерін көрсетті. Ол бала кезінен қазақ тілін біледі, еркін сөйлейді, әндер айтады, өлең оқиды. Өз өнерін көрсетуге Наталья ақиық қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін таңдады.
Жұмыс кестесі мен дайындықты қатар алып жүрді. Әр екпінін, әр кідіріс пен ишарасын жетік шыңдау өз нәтижесін берді: ол өлеңді тамаша мәнерлеп және әсерлі оқып берді. Натальяның орындауы жүрекке жетіп, жан тебірентерлік болды, философиялық лириканың мәнін жеткізе білді, Қазақстанның мәдени мұрасына құрметін көрсетті.


