KK RU EN
Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

Қызу үстіндегі тестілеу

15.08.2016

Қызу үстіндегі тестілеу

 

Үлбі металлургиялыз зауытының дәнекерлеушілері өндірістік қауіпті объектілерде жұмыс жасауға рұқсат беретін аттестаттаудан өтті. Дәнекерлеу ісі шеберлерінің практикалық  дағдылары  «Қазақ мамандандырылған жөндеу-реттеу кәсіпорны» АҚ-ның Аттестаттау орталығында жүргізілді.

Аттестаттаудан өтетін жұмыскерлерге тапсырмаларды орындамас бұрын дәнекерлі тігістер мен қосындыларға қойылатын талаптар, жұмыстарды орындаудың тәртібі мен реті мазмұндалған технологиялық регламенттер үлестірілді. Дәнекерлеуге арналған бөлшектер сертификатталған материалдарды пайдаланумен МЕМСТ талаптарына сай Аттестаттау орталығымен даярланды. Жұмыс Орталықтың  аттестаттау қарсаңында сатып алынған жаңа дәнекерлеу жабдығында жүргізілді. Әрбір дәнекерленген қосынды визуальды-өлшеу (көріп өлшеулік) және ультрадыбыстық бақылауға ұшырап, ал дәнекерленген үлгілер  алдымен ажырау мен бүгіске сынақтан өткізілген фрезерлеу әдісімен пласиналарға (тілімшелерге) кесілді.

Бірінші тапсырманы  қызу үстіндегі сынақ деп атасақ артық болмас. Практика жүзінде дағдыларын сынаған жұмыскерлер, келесі кезекте өз қабырғаларында компьютер арқылы арнайы даярланған тестілеуді тапсырды. Аттестаттау нәтижесінде әрбір жұмыскерге қызмет бағыты бойынша бірінші дәрежелі дәнекерлеу өндірісі маманының куәлігі табыс етілді.

 Аттестаттау комиссиясы мінсіз практикалық дағдылары мен үздік теориялық білімдерін көрсеткен зауыт жұмыскерлерін ерекше атады. Олар Уран өнідірісінің қызметкерлері Андрей Семенов, Сергей Лямкин, Иван Рыльский; Бериллий өндірісінің жұмысшылары Женис Карменов, Александр Родионов, Алексей Соколовский; Тантал өндірісінің жұмысшылары Юрий Анохин, Сергей Дудченко, Виктор Рыстов, сонымен қатар Энегетика орталығының қызметкерлері Кайрат Мухаметкалиев, Юрий Шутов және Эдуард Чупов.

 

 

«ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметі

15.08.2016


Жаңарту күні: 15.10.2024