KK RU EN
Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

ҮМЗ Қазақстан АЭС-ке отын жеткізіп бере ала ма?

15.09.2024

Тамыз айының соңында ҮМЗ-да облыстық және республикалық БАҚ журналистеріне арналған баспасөз туры өтті. Іс-шара барысында баспасөз өкілдері ядролық отын өндірісінің негізгі кезеңдерімен танысты.

Баспасөз туры АЭС салу туралы референдум бойынша науқан алдындағы үгіт аясында өтті. Оны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазатомөнеркәсіп және ҮМЗ қоғаммен және мемлекеттік органдармен байланыс бөлімі ұйымдастырды.  Шақырылған БАҚ арасында: 31 арна, «Хабар», ALTAI, Atameken Business телеарналары, Inbusines, YK-NEWS, ALTAI-NEWS ақпараттық агенттіктері, «Казахстанская правда», «Мой город» газеттері және басқалар болды. 

Іс-шара барысында журналистер Көрме-ақпараттық орталыққа барып, зауыттың тарихы, шығарылатын өнімдері және қазіргі заманғы атом станцияларының жұмыс принциптері туралы білді. Одан кейін уран өндірісіне егжей-тегжейлі экскурсия болды. Мұнда қонақтар атом электр станциясында қолданылатын жылу бөлетін құрамалардың негізі болып табылатын отын таблеткаларын жасау процесімен танысты. Сондай-ақ, репортерлер «Үлбі-ЖБҚ» зауытында болып, жылу бөлетін құрамалар өндірісінің негізгі кезеңдерін өз көздерімен көрді. 

Брифинг барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК ядролық-отын циклі бойынша басқарушы директоры Асет Махамбетов:

– Қазақстан табиғи уран қоры бойынша Австралиядан кейін екінші орында тұр. Біздің еліміз осы құнды ресурстың кен орындарының шамамен 13% иелік етеді және 2009 жылдан бастап бүкіл уран өндірісінің шамамен 40% қамтамасыз ете отырып, әлемдік нарықта көшбасшылықты сенімді түрде сақтап келеді. Ол сондай-ақ Үлбі металлургиялық зауыты – бай тарихы, озық технологиялары және жоғары білікті персоналы бар Қазақстанның атом саласының флагманы екенін атап өтті. 2021 жылдың соңында ҮМЗ аумағында жылу бөлетін құрамалар шығаратын зауыт іске қосылды. Осылайша, елімізде АЭС үшін дайын отынның отандық жоғары технологиялық өндірісі жұмыс істеп тұр. ҮМЗ Басқарма Төрағасы Сергей Бежецкий өз кезегінде журналистермен сәлемдесіп:

– Атом станциясын салу туралы мәселе оң шешілген жағдайда ҮМЗ оны өзінің ядролық отынымен қамтамасыз ете алар еді. Қазір зауыт AFA3G француз дизайнының жылу бөлетін құрамаларын шығарады. Егер станцияда отынның бұл нұсқасы сұранысқа ие болса, біз жай ғана өндіріс көлемін арттырамыз. Бірақ басқа формат таңдалса да, ҮМЗ отын таблеткаларын, яғни жылу бөлетін құрмаларды өндіруге арналған компоненттерді шығара алады. 

Сондай-ақ Сергей Владимирович бүгінде 4000-нан астам қызметкер жұмыс істейтін зауытта уранмен 70 жылдық жұмыс тәжірибесі жинақталғанын, елеулі ғылыми және өндірістік база бар екенін атап өтті. Қажет болған жағдайда кәсіпорын жұмыскерлері білім мен практикалық дағдыларды атом мамандарымен бөлісуге дайын.

Баспасөз турының қорытындысы бойынша 50-ден астам мақалалар мен телевизиялық сюжеттер жарық көрді. Қазақстанның барлық ірі БАҚ-тарында Қазатомөнеркәсіп пен ҮМЗ Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екендігі туралы айтылды. Зауыт қызметкерлерінің білімі мен тәжірибесі жаңа сын-қатерлерді сәтті шешудің негізгі элементтері болып табылады.

Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – бас инженер Владимир Вахненкоға, Өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі директор Евгений Чуминге, Уран өндірісінің директоры Константин Кузьминге,  «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС бас директоры Арман Сулейменовке, «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС технологиялық бақылау және ядролық материалдарды есепке алу жөніндегі директоры Станиславу Матвеевке, ғылыми орталықтың бастығы Манарбек Кылышкановқа, протокол бөлімінің бастығы Евгения Лороваға, ІББ тобының жетекшісі Асель Дюсуповаға, КАО директоры Владимир Донцовқа экскурсиялық-көрме жұмыстары жөніндегі менеджері Алена Константиноваға баспасөз турын ұйымдастыруға және өткізуге көмектескені үшін зор алғысымызды білдіреміз.

Алексей Проскуряков


Жаңарту күні: 08.01.2025