KK RU EN
Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

Жұмысшы кәсіптерінің маңыздылығы туралы

27.09.2024

Кездесуге жоғары сынып оқушылары мен студенттер қатысты. Зауыт өкілдері кәсіпорынның бай тарихы, сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары, сондай-ақ жас мамандар үшін жұмысқа орналасу перспективалары туралы айтып берді. 

Жастар бірлестігі төрағасының өндірісті дайындау жөніндегі инженер мамандығы туралы әңгімесі жастарға ерекше әсер қалдырды. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы және зауыт жастарының кәсіпорын қабырғасында ғана емес, сонымен қатар қалалық, облыстық және республикалық деңгейлерде де белсенді қызметі туралы айттып берді. 

Зағиптар қоғамының мүшелері әсерлі әндер орындап, өз таланттарын көрсете отырып, керемет концерттік бағдарлама дайындады. Олардың зауытты мерейтойымен шын жүректен құттықтауы іс-шараның әсерлі аяқталуына ықпал етті.

Сауле Аманова


Жаңарту күні: 08.01.2025