Мерейтойлық әулет
ҮМЗ-да 75 жылдық мерейтойына орай 35–ші әулет - Багровтар отбасы тіркелді. Жалпы еңбек өтілі-152 жыл.
Алғаш рет кәсіпорында 1966 жылдың қазан айында Багровтар тегінің аты шықты. Дәл сол кезде әулет басшысы Лидия Дмитриевна механикалық цехқа бұрғылаушы болып қабылданды. Лидия Багрова зауытта 30 жылдан астам жұмыс атқарды, бақылаушы, содан кейін бериллий өндірісінің № 6 цех аппаратшысы болып жұмыс істеді. Оған «еңбек ардагері» атағы берілді, ол басшылықтың 5 алғысхатымен марапатталған.
Лидия Дмитриевнаның ізін басып зауытқа қызы Ирина мен ұлы Андрей келді. Ирина Владимировна ҮМЗ-на мектептен кейін бірден 17 жасында жұмысқа орналасты. Міне, 40 жылдан астам уақыт бойы ақпараттық технологиялар орталығының төлем жүйесінің техник-әкімшісі болып жұмыс істейді. Оның қоржынында 11 алғысхат бар. Ирина Владимировнаның жұбайы - Алексей Свешников қойма шаруашылығында жүктерді және арнайы вагондарды сүйемелдеу жөніндегі жолсерік. Оның еңбек өтілі-35 жыл. Оның да 11 алғысхаты бар. Андрей Багров – әулеттің негізін қалаушысының ұлы, уран өндірісінің «В» цехының сантехник-слесарі. Адал жұмыс істеген 35 жыл ішінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ-на «10 жыл» мерейтойлық белгісімен марапатталды. Оның фотосуреті УӨ Құрмет галереясында орын алған, ал жеке ісінде басшылықтан 10-нан астам алғысы бар! Бүгінде зауытта отбасының үшінші буыны жұмыс істейді. Әулет басшысының немересі Роман Свешников – материалдық-техникалық қамтамасыз ету орталығының инженері, ол кәсіпорында 11 жылдан астам уақыт жұмыс істейді және осы уақыт ішінде 3 алғысхатпен марапатталған.
Біз ең көп еңбек өтілінің иесі Ирина Свешниковамен кездесіп, одан әулет туралы қызықты фактілерді айтып беруін сұрадық.
– Ирина Владимировна, жанұяңыз туралы айтып беріңізші.
– Ата-анамыз 1966 жылы Өскеменге көшіп келді, бірден ҮМЗ-на механикалық цехқа жұмысқа орналасты. Айтпақшы, менің әкем зауытта 19 жыл жұмыс істесе де, әулетке кірген жоқ. Көшіп келген кезде мен екі жаста едім. Ата-анам кәсіпорын туралы аз айтатын. Біріншіден, айтуға болмады, екіншіден, олар өте өнегелі. Бірақ мен ұжымда ата-анамның беделді екенін, басшылықпен жақсы қарым-қатынаста болғанын білетін едім.
– Сізде зауытпен байланысты балалық шақтағы естеліктеріңіз бар ма?
– Мен де, ағам да ҮМЗ-ның балабақшасына баратынбыз. Есімде, біз «кварталда» тұрдық, ал балабақша қазіргі «Весна» гастрономының артында болды. Трамвайлар таңғы төрттен бастап жүретін. Ата-анам мені таңертең бүкіл қала арқылы балабақшаға алып келетін. Тәрбиешілер әлі келмеген уақыт, күзетші бізге есік ашатын, мен топтағы қызыл кілемге барып ұйқымды жалғастыратынмын. Ол кезде балабақшаларда жиналмалы төсекте ұйықтайтын, олар күндізгі ұйқыдан кейін жиналып қойылатын. Жыл сайын ағаммен бірге «Матросово» лагерінде демалатынбыз, кейде - маусымына екі рет. Бір оқиға есімде, мен лагерьде болдым, ал әкем бригадамен бірге бассейнд жөндеуге келді, барлық балалар ұйқыға кеткенде мен әкеме баратынмын.
– Қайда жұмыс істеу керектігі туралы Сіздің алдыңызда таңдау болды ма?
– Жоқ, таңдау болған жоқ. Мектептен кейін бірден зауытқа келіп, осында жұмыс істеп жүріп, Алматыда сырттай оқыдым. 40 жыл бір цехта жұмыс істедім. Андрей сегізінші сыныптан кейін 71 училищеге оқуға түсті, ол кезде училище зауытқа қарайтын, ал қазір ол Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі. Оны аяқтағаннан кейін ҮМЗ-на жұмысқа орналастым. Содан кейін оны әскерге алып кетті, әскерден кейін ол қайтадан кәсіпорынға оралды.
– Сіздің балаларыңыз немесе немерелеріңіз орныңызды жалғастырды деп ойлайсыз ба?
– Ұлым Роман Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ бітірді. Алдымен тантал өндірісіне жұмысқа орналасты, содан кейін сатып алу жөніндегі директор қызметіне ауысты. 11 жылдан бері ол зауыт қызметкері! Немерелерім әлі кішкентай, немерем-12 жаста, жиенім-6 жаста. Менің құдаларым да ҮМЗ-да жұмыс істейді. Немерелерім кішкентайынан зауыт туралы естиді, жыл сайын жаңа жылдық ертеңгіліктерге барады. Бірақ, қазір олардың басқа да қызығушылықтары бар - немерем ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын гимназияда және фортепиано бағыты бойынша № 1 балалар музыкалық мектебінде оқиды, сноубордпен кәсіби түрде айналысады және биыл жасөспірімдер олимпиадалық құрамасына енді, ал немерем спорттық заманауи би және аэрогимнастикамен айналысады. Дегенмен, біз үмітімізді үзбейміз!
Самал Ахметкалиева
Жаңарту күні: 08.01.2025