KK RU EN
Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

Мәселелерді талқылау

07.02.2025

Қаңтар айының соңында тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындары қауымдастығының (ТМКҚ) экология департаментінің директоры Гүлназ Бисенова ҮМЗ-ге өндіріспен танысу және қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында келіп қайтты.

Сапар барысында Гүлназ Кынабыловна ҮМЗ қызметімен танысып, КАО, уран және тантал өндірістеріне барды. Сондай-ақ, өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі директор Евгений Чумин ТМКҚ өкіліне ағынды сулардың төгінділерін бақылаудың автоматтандырылған жүйесін көрсетті. 

ҮМЗ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – бас инженері Владимир Вахненконың қатысуымен өткен көшпелі кеңесте кәсіпорынның проблемалық мәселелері талқыланды. Олар: I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындау, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұлдарды азайту, ҚР Салық кодексінде төлемақы мөлшерлемелері көзделмеген ластаушы заттар тізбесін кеңейту, сондай-ақ БАЖ жарақтандыру кезінде ағынды суларды ағызу бойынша өлшемшарттардың болмауы.

Көшпелі кеңестің қорытындысы бойынша ТМКҚ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп барлық айтылған мәселелерді шешу бойынша жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр.