Жұмысшы мамандықтарының жылы: ҮМЗ жастарды қолдайды!
Қаңтар айында ҮМЗ-де ашық есік күні өтті. Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында «Металлургия» және «Техникалық физика» мамандықтары бойынша білім алып жатқан Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері кәсіпорынның тарихымен танысып, зауыттың бос орындары туралы ақпарат пен ҮМЗ өндірістік тәжірибеден өту бойынша нұсқаулар алды.
Іс-шара барысында зауыттың басқарма төрағасы Сергей Бежецкиймен кездесу өтті, ол өзінің аппаратшыдан кәсіпорынның бірінші басшысына дейінгі кәсіби жолы, ҮМЗ өндірістік қызметі туралы айтып, зауытта қоршаған ортаны сақтау үшін қажеттінің бәрі жасалып жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар Өскемен қаласындағы №17 мектепте мамандықтар фестивалі өтті, онда мектеп оқушылары жұмысшы мамандықтары туралы көріністер мен шығармаларын ұсынды. ҮМЗ оқушыларға арнайы жұмыс формасын ұсынып, іс-шараны өткізуге мақтанышпен қолдау көрсетті.
Өз кезегінде мектеп директоры ҮМЗ басқарма төрағасы Сергей Бежецкийге алғысын білдірді. Бұл ынтымақтастық кәсіпорынның білікті кадрларды даярлауға және жастарды кәсіптік бағдарлауға деген ұмтылысын көрсетті.
Жаңарту күні: 14.02.2025