Сырттан көзқарас
Қаңтардың ортасында ҮМЗ-де өндірістік қауіпсіздік саласында жоспарлы өзара тексеру аяқталды.
Өзара тексеру – Қазатомөнеркәсіп ұсынған тиімді амал. Оның шеңберінде бір кәсіпорынның қызметкерлері басқа еншілес ұйымға барады. Осындай сырттан көзқарас жұмыс процестерін жетілдіруде керемет нәтижелер береді.
Зауытқа келген тексерушілер тобына Михаил Заика («Қаратау» ЖШС), Габиден Баймбетов, («Қаратау» ЖШС кеніші) және Бурибек Абдыкаликов («БК «Акбастау» АҚ) кірді. Қарсы алушы тарап зауыттың өндірістік қауіпсіздік жөніндегі директорының қызметі болды.
«Қаратау» ЖШС РҚ және ҚОҚ жөніндегі жоғары санатты инженері, топтың жетекшісі Михаил Заика тексеруші ретінде ҮМЗ-ге екінші рет келді.
– Мен біздің келгенімізді тексеру деп атамас едім, бұл, дұрысы, тәжірибемен алмасу. Өткен жолы мен мұнда бес жыл бұрын болғанмын. Әрине, көп нәрсе өзгерген, бірнеше жаңа нысандар қатары пайда болыпты. Бірақ айта кетейін – персоналдың еңбекке, атап айтқанда өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне деген қарым-қатынасы өзгермеген – бұл еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, радиациялық қауіпсіздік. Біз компанияларымыздың өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне көзқарасымызды салыстыруға бірегей мүмкіндік алдық,– деп атап өтті Михаил Юрьевич.
Жаңарту күні: 14.02.2025