Қауіпсіздік туралы
Астанада дефектоскописттердің республикалық байқауы өтті, мұнда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК және Үлбі металлургиялық зауыты атынан сынау орталығының магнитті және ультрадыбыстық бақылау жөніндегі дефектоскописті Алексей Юзафович өз дағдыларын, жоғары кәсібилігі мен біліктілігін көрсетті. Байқаудың күрделі тапсырмалары – теориялық және тәжірибелік бөлімдерін ол керемет орындап шықты: сұрақтарға жауап берді және дәнекерлеу тігісіндегі ақауларды тапты.
– Жалпы біздің жұмыс айтарлықтай қызықты – біз басқалар көрмейтінді көріп қоямыз. Нәтижесімен өндірістік қауіпсіздік байланысты, – деді Алексей Олегович.
Технологиялық құбырлар мен сыйымдылық жабдықтардағы құпия ақауларды, сызаттарды, коррозиялық бүлінулерді, қаяуларды, шалапісірілімдерді, тұтассыздықтарды табу үшін дефектоскопистке арнайы жабдықтар көмектеседі. Бұл ультрадыбыстық және құйын токты дефектоскоптар, қалыңдық өлшегіш, сызғыш, штангенциркуль, лупа.
ҮМЗ барлық өндірістерінде жабдықтардың қауіпсіз жұмыс істеуін тексеру күнделікті, бекітілген кесте бойынша жүргізіледі. Егер санға айналдырсақ, онда 2025 жылға жоспарда – 61 технологиялық құбырларды қарап-тексеру, ал бұл 35 000 қума метр, және «ҮМЗ» АҚ өндірістерінің сыйымдылық жабдығының 88 бірлігі, бұл 4 300 м3 астам құрайды
Жаңарту күні: 04.03.2025