Болашақ сенімді қолда
ҮМЗ командасы «1 000 В» дейінгі санатта 17 ЕТҰ командасы арасында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Үздік электрмонтері» байқауында үшінші орын алды! Команда құрамында – зауыттықтар Денис Агренич, Денис Александров (екеуі де ЭО), Хизатбек Авилмажин (ТӨ). Денис Александров «Ең жас электрмонтер» номинациясын жеңіп алды.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қазатомөнеркәсіп өндірістік департаментінің бастамасымен биылғы жылы алғаш рет «Үздік электрмонтер» корпоративтік кәсіби шеберлік байқауы өткізілді. Ол 12-13 маусымда Шиелі ауылындағы «Уранэнерго» энергия кешені базасында өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – үздік мамандарды анықтау, өндірістік құзыреттілікті нығайту, командалық рухты дамыту және Қазатомөнеркәсіптің ЕТҰ электрмонтерлері арасындағы өзара іс-әрекет жасауды жақсарту.
Байқауға барлығы 50-ден астам маман қатысты. Жарыс екі негізгі бағыт бойынша өтті: 1000 В дейінгі электр қондырғыларына қызмет көрсету және 1000 В жоғары электр қондырғыларына қызмет көрсету.
Бірінші кезең – тестілеуді ең жақсы орындаған Денис Агренич. Екінші кезеңде реверсивті схеманы құрастырумен Денис Александров айналысты. Хизатбек Авилмажин барлық кезеңдерде көмектесті. Нәтижесінде команда ұпай саны бойынша үшінші орынды иеленді.