Тең және түрлі
10.09.2025
Гендерлік теңдік тақырыбы Түркістанда болып өткен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ форумында негізгі болды. «Тең мүмкіндіктер – ортақ нәтиже» атты іс-шарада 200 астам қатысушылар – компанияның, еншілес және тәуелді ұйымдардың қызметкерлері мен басшылары және шақырылған қонақтар бас қосты.
Іс-шара бағдарламасы мазмұнды болды. Форумға «Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов қатысты. Спикерлер гендерлік теңдік, мансаптық өсу және әйелдер көшбасшылығы мәселелерін талқылады, тәжірибелерімен бөлісті, атом саласындағы әйелдердің жетістіктерімен таныстырды. ESG-стандарттарын енгізу және «жасыл» экономикаға көшу үдерісінде гендерлік теңдіктің рөліне ерекше назар аударылды.