Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

«В» цехының ең үздік аппаратшысы

11.11.2025

24 қазанда «Уран өндірісі «В» цехының ең үздік аппаратшысы» атағына кәсіби шеберлік байқау-конкурсы өтті.

Жарыстарға 9 қатысушы – Александр Фанюков, Мейіржан Қайсаров, Виталий Горковенко, Николай Горячев, Думан Сейтханов, Евгений Антропов, Максим Ежуков, Данила Лапшов және Павел Воробьев қатысты.

Комиссияда: әділқазылар алқасының төрағасы – цех бастығы Андрей Гофман, «В» цехы бастығының орынбасары-технолог Юрий Варывдин, ұнтақтарды шығару бөлімшесінің бастығы Павел Крыжановский, цех механигі Александр Шушаников, цех аспапшысы Владимир Панфилов, цех энергетигі Игорь Алешин, ұнтақтарды шығару бөлімшесінің технологы Станислав Демидов, ЕҚ және ҚОҚ жөніндегі инженер Владимир Пименов.

Бірінші кезең – тест түріндегі теориялық тапсырмалар. Өндірістік процестердің технологиясы, радиациялық қауіпсіздік, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша білімін тексеруге 10 сұрақ. Екінші кезең – цехтың әртүрлі учаскелерінде технологиялық процесті жүргізу кестесін талдау бойынша тәжірибелік тапсырмалар.

Сонымен, конкурс нәтижелері бойынша адал және ашық бәйгеде орындар төмендегідей бөлінді. Үшінші орынды Данила Лапшов иеленді, құрметті екінші орын – Николай Горячевқа, ал «УӨ «В» цехының ең үздік аппаратшысы» атағына Виталий Горковенко ие болды. Жарайсыңдар! Құттықтаймыз!