Қағазсыз күн: 560 кг ағаштарды аман алып қалды
23 қазан күні Үлбі металлургиялық зауыты «Қағазсыз күн» экологиялық акциясын сәтті өткізді.
Қағазды пайдаланудан бас тарту ҮМЗ корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Макулатураны жинауға ерекше назар аударылды. Дәстүрлі түрде үш жинау пункті ұйымдастырылды: 39-корпуста (тамбур, кіре берісте), 29-корпуста (өткізу бюросының оң жағында) және 21-корпуста (1 қабаттың фойесі). ҮМЗ бөлімшелері күш біріктіре отырып, жарты тоннадан астам макулатура жинады.
Светлана Казанцева, ӨҚДҚ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері:
– ҮМЗ екінші жыл қатарынан Дүниежүзілік қағазсыз күнді белсенді қолдап келеді. Акцияның мақсаты – күнделікті өмірде, оның ішінде кеңселерде, мекемелерде және тұрмыста қағазды пайдалануды азайту арқылы ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны сақтау мәселелеріне назар аудару болып табылады.
ТӨ, ҚҚО, ӨҚДҚ және әсіресе баспасөз қызметінің күшімен 560 кг қағаз жиналды, ол қайта өңдеуден кейін екінші өмірге ие болады. Осылайша, акция символдық қадам емес, қалдықтарды азайтуға, тұрақты дамуға және жауапты тұтынуға нақты үлес қосады.


