Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

Жылдамдық, тәжірибе және құмарлық

08.12.2025

Бериллий өндірісінің электр жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтері Сергей Токарев және уран өндірісінің токары Анатолий Мирошниченко халықаралық жұмысшы мамандықтар чемпионатына қатысты, мұнда әлемнің түрлі елдерінен шеберлер жиналып, жылдамдық пен дәлдікке бағытталған бәйгеде медаль ұтып алуға күш сынасты.

Зауыттықтар «Хайтек: болашақ дағдылары-2025» Халықаралық жоғары технологиялық мамандықтар чемпионатында ең үздіктер қатарына кірді. Биылғы жылы чемпионат Екатеринбургте өтті және 17 елден 50 астам кәсіпорыннан 1 000 аса қатысушы жиналды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «KEGOC» АҚ сияқты «Самұрық-Қазына» АҚ портфельді компанияларының атынан шыққан 7QADAM Masters командасы барлық сегіз құзыретте өз тәлімгерлерімен бірге жүлделі орындарға ие болды.

Анатолий Мирошниченко «Сандық бағдарламалық басқарылатын станоктарда жону жұмыстары» құзыреті бойынша екінші орынды және Сергей Токарев «Электрмонтаждау» құзыретінде екінші орынға ие болды.

Әртүрлі тәжірибесі мен түрлі дайындық дәрежелеріне қарамастан, екі қатысушының да ойы бір жерден шықты: осындай чемпионаттар әлемдік мамандардың деңгейін көруге және өзіңді нағыз кәсіби сын алаңында тексеруге сирек мүмкіндік береді.