Мақсатқа қол жеткізілді
Үлбі металлургиялық зауытында көктемгі су тасқынының болуы мүмкін төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша су тасқынына қарсы жаттығулар мен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өтті.
Оған 26 адам қатысты: кәсіпорынның апаттық-техникалық тобы, ПАСП-101 және «Medium Clinic» ЖШС-ның медицина қызметкерлері. Сағатына судың жалпы өнімділігі 410 м³ дейін болатын арнайы автокөлік пен мотопомпаларды қоса алғанда, 7 бірлік техника жұмылдырылды.
Қатысушылар еріген судың төгілу учаскесіне хабарлау, жинау, жылжыту және айдау арқылы судың деңгейін төмендету шараларын пысықтады. Дәрігерлер шартты түрде зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетіп, оны тасымалдауды ұйымдастырды.
Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша қызметтердің төтенше жағдайларда іс-қимылдарға жедел және үйлесімді дайындығы расталды.


