Тәжірибе алмасу, басымдықтар мен практика
«ҮМЗ» АҚ қала кәсіпорындары үшін диалог алаңына айналды. «Құлақтандыру штабының жұмысы» оқу-көрнекі сабағы аясында зауытқа Казцинк, ТМК, КЭМОНТ, Востокмашзавод, Промэнергоремонт, Өскемен ЖЭО, Арматура зауыты және Серікбаев атындағы ШҚТУ мамандары – барлығы 30-дан астам адам келді.
Жұмылдыру дайындығы жөніндегі маман Алексей Князев жұмылдыру, соғыс уақытындағы және соғыс жағдайы енгізілген кездегі кәсіпорынның іс-қимылдарының алгоритмдерімен таныстырды. ШҚО қорғаныс органдарының өкілдері қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, әскери есепке алудың ерекшеліктерін түсіндірді.
Қонақтарға байланыс құралдарымен және автономды жұмыс үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған командалық-штабтық автокөлік КамАЗ базасында көрсетілді.
Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға, практикалық мәселелерді талқылауға және кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.


