Біз – таза Қазақстан үшін!
Үлбі металлургиялық зауыты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен телекөпір форматында өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қосылды.
Акция аясында кәсіпорынның 300 жұмыскері зауыт аумағына 100 жас шырша мен шетен ағашын отырғызды. Бұл бастама Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын біріктірген ауқымды экологиялық науқанның бір бөлігіне айналды.
Қоршаған ортаға ұқыпты қарау – ҮМЗ қызметінің басым бағыттарының бірі. Соңғы екі жылдың ішінде кәсіпорын қызметкерлері 20 мыңнан астам ағаш отырғызып, 22 табиғатты қорғау іс-шарасына қатысты. Сонымен қатар, зауытта қоршаған ортаға әсерді азайтуға, табиғатты қорғау жұмыстарының тиімділігін арттыруға және ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда.
«Таза Қазақстан» акциясына қатысу аумақты көгалдандыру және өңірдің экологиялық бастамаларын қолдау жолындағы тағы бір қадам болды.


