Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

Тұрғындармен ашық диалог

05.06.2026

Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада «ҮМЗ» АҚ басқарма төрағасы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Сергей Бежецкийдің Өскемен тұрғындарымен, соның ішінде Үлбі металлургиялық зауытының ардагерлерімен, кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясына және AMANAT партиясының аймақтық Жол картасын іске асыруға қатысты мәселелер қаралды. Сергей Бежецкий Конституциядағы негізгі өзгерістер туралы айтып, азаматтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктер және халықтың мемлекетті басқаруға қатысуы мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сайлауалды міндеттемелерді орындау және өңірді дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жеке тақырыпқа айналды. Кездесуге қатысушылар экология, қоғамдық көлік жұмысы, аулаларды абаттандыру және қала үшін басқа да өзекті тақырыптарды талқылады.

Кездесу ашық диалог форматында өтті, бұл тұрғындарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға және оларға жауап алуға мүмкіндік берді.