Күш-қуат, шеберлік, шабыт
«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-да Жанат Уразованы сапаны бақылау жөніндегі жоғары білікті маман ретінде біледі, оған халықаралық дәрежеде жауапты міндет жүктелген. Өндірістен тыс ол – бақытты көпбалалы ана, белсенді спортшы, шығармашыл тұлға.
Жанаттың тәжірибесінен атом саласындағы әйел үшін мүмкін емес нәрсе жоқ екендігін көруге болады!
– Ауысымда біз 2-ден 4-ке дейін жылу бөлетін құрамалардың (ЖБҚ) сапасын тексереміз. Бірақ соңғы тексеру – бұл тек айсбергтің шыңы ғана. Біз бұйымды барлық технологиялық тізбек бойынша сүйемелдейміз – құраманың ең басынан бастап дайын өнімді бақылауға дейін. Біздің жұмыс зейінділікті, жауапкершілікті, және егжей-тегжейлі талдауды қажет етеді, – деп атап өтті Жанат Уразова. 2025 жылы бізде маңызды шара өтті – Қытайға ЖБҚ жеткізу кезінде бірге бару. Маған Қытайдағы «Даявань» (Daya Bay) АЭС-те біздің кәсіпорнымыздың атынан өкілдік ету құрметі берілді. Бұл менің шетелге бірінші қызметтік іссапарым болды және мен бірінші рет атом электр станциясын өз көзіммен көрдім. ЖБҚ тапсыру өте сәтті өтті. Бұл тәжірибе өмір бойы есімде қалады.
Жұмыстан басқа сүйікті іспен айналысуға да уақыт бар. Сергек болу үшін Жанат белсенді түрде жүгіре бастады, енді үнемі марафондар мен жүгіру сайыстарына қатысады. Және хоббиі бар – тігін тігу. Жақында Инстаграмда «Қолда не бар, содан тігемін» атты шығармашылық челлендж жүргізді.
Атом өнеркәсібі нақтылықты, жүйелікті және жоғары жауапкершілікті қажет етеді, бірақ дәл осы қасиеттер әйелдің ілтипаттылығымен, икемділігімен және процестерді ұйымдастыра білуімен жарасымды үйлеседі.


