Үлбі металлургиялық зауыты
акционерлік қоғамы

Наградалар – үздіктерге!

09.10.2026

ҚР атом саласы қызметкерлері күні Үлбі металлургиялық зауытының қызметкерлері көп жылдық еңбегі мен жоғары шеберлігі үшін жоғары ведомстволық наградалармен марапатталды.

ІІ дәрежелі «ҚР атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» құрметті төсбелгісімен кәсіпорынның және саланың негізгі жобаларының дамуына қосқан зор үлесі үшін зауыт қызметкерлері марапатталды:

• Алексей Ким – дайын өнімдер қоймасының бастығы.
• Владимир Донцов – Көрме-ақпарат орталығының директоры.
• Андрей Выходцев – ЭО бастығының электрмен жабдықтау жөніндегі орынбасары.
• Виктор Билюков – ҚҚО инженерліктехникалық қорғау құралдары учаскесінің бастығы.

ІІІ дәрежелі «ҚР атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» құрметті төсбелгісімен бес әріптесіміздің жоғары кәсібилігі атап өтілді:

• Станислав Демидов – УӨ «В» цехы ұнтақтарды өндіру бөлімшесінің технологы.
• Иван Юдин – ТӨ № 58 цехының 6-разрядты аппаратшысы.
• Сергей Абраменко – ЭО автоматика құралдары мен аспаптары жөніндегі 8-разрядты электрмеханигі
• Галина Гусакова – ҒО уран зертханасының жетекші инженер-зерттеушісі.
• Борис Зорин – БӨ өндірістіктехнологиялық бөлімінің бастығы.

Адал еңбегі және мамандыққа адалдығы үшін «ҚР атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» Құрмет грамотасымен марапатталды:

• Евгений Анискин – УӨ БӨАжА құралдарына техникалық қызмет көрсету жөніндегі шебері.
• Алексей Живилов – ТӨ 6-разрядты аппаратшы және ЭЛП учаскесінің бригадирі.
• Александр Коневский – СО «Қалдық шаруашылығы» учаскесінің өндіріс қалдықтарын орналастыру жөніндегі шебері.
• Лира Топитонова – СО бериллий өнімін техникалық бақылау бюросының бастығы.
• Ерлан Берикбаев – БӨ 6-разрядты аппаратшысы.

Зауыт жұмыскерлерін жоғары және лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!