Зауыт және сала мақтанышы!
«Жыл қызметкері 2026» корпоративтік тану бағдарламасының қорытындылары шықты. Атом саласы қызметкерлері күні аясында құрметке ие болған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК үздік жұмыскерлерінің қатарында ҮМЗ бірден екі өкілі – Лира Топитонова мен Павел Явкин бар.
Биылғы жылы Қазатомөнеркәсіптің түрлі еншілес және тәуелді ұйымдарының 253 жұмыскері ең үздік атану құқығы үшін жарысқа түсті. Кәсіби шеберліктің, жауапкершіліктің және өз кәсіпорнына деген адалдықтың жоғары деңгейін көрсеткен үлбіліктердің сәттілігі барынша құнды әрі маңызды.
«ТББ саласындағы үздік маман» («Өнім сапасын бақылау және қамтамасыз ету» бағыты) салалық номинациясында сынау орталығы бериллий өнімін техникалық бақылау бюросының бастығы Лира Топитонова жеңімпаз атанды.
«Тәлімгер» арнайы номинациясында тантал өндірісі №10 цехы №5 бөлімшесінің 6-разрядты кең бейінді станокшысы Павел Явкин лайықты жеңіске жетті.
Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі Астанада өтті.


