Бұл кәсіпте қателікке жол жоқ
Шымкентте «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес ұйымдарының жұмыскерлері арасында кәсіби байқау өтті. Электр қызметтерінің мамандары өз білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті.
Уран өндірісінің 6-разрядты электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтері Азамат Галиев, тантал өндірісінің 5-разрядты электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтері Әділбек Әмірханов және бериллий өндірісінің шебер-электригінің міндетін атқарушы, 6-разрядты электрмонтері Александр Петрухин Үлбі металлургиялық зауытының намысын қорғады.
Байқау бағдарламасы теория мен практиканы біріктірді. Бірінші кезеңде қатысушылар тестілеу форматында салалық нормалар мен ережелер жөніндегі білімін растады. Содан кейін нақты өндірістік жағдайларға мүмкіндігінше ұқсас практикалық бөлім басталды. Келесі тапсырма жоғары техникалық дәлдікті талап етті – принципті сызба бойынша электр қозғалтқышын қосу сызбасын стендтік құрастыру, мұнда жұмыстың әр кезеңі, жалғаулардың дұрыстығы және еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы ескерілді. Бүкіл сынақтардың қорытындылары бойынша ҮМЗ командасы дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп, 4-орынға ие болды.


