Тазалыққа бағыт!
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы және «Самұрықнама – 20 игі іс» бағдарламасының шеңберінде зауыттықтар ауқымды сенбіліктер өткізді.
Зауыт жастары Ертістің жағалау жиегін қоқыстан тазартып, қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына жанға жағымды көрініс берді. Үлбі өзені де назардан тыс қалмады: оның арнасы бойында әр түрлі бөлімшелердің қызметкерлердің қатысуымен тұрмыстық қалдықтар тазаланды және жинақталды.
В.П. Потанин ескерткішінің маңын тазалау кезінде біздің зауыт пен аймақтың мұрасына деген құрмет білінді. Сервис орталығының жұмыскерлері көгалдар мен оның айналасындағы аумақты тазартты.
«Ульбиночка» балабақшасында зауыттықтар сәбилер үшін қауіпсіз және жайлы орын құру үшін құрғақ және ұсақ қоқыстарды жинап, бекітілген учаскені ретке келтірді.
Абаттандыру эстафетасын бөлімшелер мен еншілес ұйымдардың ұжымдары алды. Сервистік орталық пен бериллий өндірісінің ұжымдары өз цехтарының маңында ауқымды жұмыстар жүргізді.
«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС және «МАШЗАВОД» ЖШС қызметкерлері де ортақ іске өз үлестерін қоса отырып, бірлесе сенбілікке шықты.
Акцияның жарқын және елеулі басымдылығы жасыл желектерді отырғызу болды. Тәуелсіздік монументінде жас көшеттер пайда болды, оларды біздің әріптестеріміз қамқорлықпен отырғызып, күтім жасады.


