Кәсіпорын туралы

«Үлбі металлургиялық зауыты» акционерлік қоғамы («ҮМЗ» АҚ) Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында орналасқан.
1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасының мүдделерін атом өнеркәсібінде ұсынатын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом компаниясының құрамына енеді. Үлбі металлургиялық зауытының ресми туған күні 29 қазан 1949 жыл. Бұл күні кәсіпорын қоймасына алғашқы өнім түсті. 70-жылдардың басында ҮМЗ әлемнің уран,тантал және бериллий өнімдерін өндірушілердің аса ірі қатарына енді.
«Үлбі металлургиялық зауыты» акционерлік қоғамы - әлемдік деңгейдегі өнімдерді өндіріп, жеткізуде 60 жылдық тәжірибесі бар бірегей кәсіпорын.

Бүгінгі күні кәсіпорынның құрамында:

Біздің мақсатымыз: өнеркәсіпті ураннан, бериллийден,танталдан,нибийден жоғары сапалы өнім өндіру және оларды қайта өңдеу бойынша қызметтердің қажеттілігімен қамтамасыз ету.
Біздің өндірістік қызметіміз өз жұмыскерлеріміз бен олардың жанұяларының әл-ауқатының негізі болып табылады.
«Үлюі металлургиялық зауыты» акционерлік қоғамының тауарлық белгісі Қазақстан Республикасында, Ресей Федерациясында, сонымен қатар Болгарияда, Қытайда, Ұлыбританияда, Германияда, Польшада, Словакияда, АҚШ, Чехияда, Францияда, Жапонияда тіркелген.

«ҮМЗ» АҚ сапа жүйесі халықаралық TUV-CERT органымен МС-ИСО-9002 стандарты бойынша келесі салаларда сертификатталған:

Бүгінгі күні зауытта қандай да болса күрделі мәселелерді шешуге қабілетті 6000 астам жұмысшылар, техниктер, инженерлер еңбектенуде. 1999 жылдың соңында, әлемдік рынокта өз орнын тапқаннан кейін, зауыт тарихында барлық өндірістерді дамытатын ірі инвестициялық бағдарлама әзірленді.

«ҮМЗ» АҚ мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК алдында осы кезде үлкен мәселе тұр: әлемдік уран қорының 25 пайызына ие болған Қазақстанның зор әлеуетіне сүйене отырып, атом саласын сапалы жаңа деңгейге жеткізу. Бериллий шикізатының маңызды қорына ие бола отырып, ұжым өзіне сапасы жағынан жаңа технологиялар базасында дайындалатын бериллий өнімдерін өткізу көлемдерін кеңейту және әлемдік тұтыну үлесінің 20 пайызына дейін ие болу бойынша міндет жүктейді. Бүгінгі күні бұл мәселені зауыт мамандары мен басшылары табысты шешуде.

"Үлбі металлургиялық зауыты" – ірі зауыт, былайша айтқанда, Қазақстан мен Ресейдің мақтанышы, сондықтан мен бар ынтаммен бүгін алдыңғы қатардағы ғылыми жетістіктерден негізделген Қазақстанның осы зор кәсіпорнына келдім. Бүгінгі біздің, Үкіметтің, барлығымыздың мақсатымыз – зауыттың үнемді жұмыс істеуінде...
Табыс тілеймін!

Н.Ә.Назарбаевтың сұхбатынан
т/к НТК-Восток Өскемен, 16/10/2000

Біз жаңа байланыстарға ашықпыз және үнемді серіктестікке дайынбыз!