Үлбі жоба-конструкторлық институты
Үлбі жоба-конструкторлық институты (ҮЖКИ) – 1992 жылы Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу және кешенді энергетикалық технология жобалық институтының Новосибирь бөлімшесінің Өскемен филиалының (БҒЗЭТЖИ НБ ӨФ) және «ҮМЗ» ӨБ бас конструктор бөлімінің базасында құрылған «ҮМЗ» АҚ құрылымдық бөлімшесі. Институттың құрамында өнеркәсіптік, азаматтық және ауыл шаруашылық арналымдағы объектілердің кешенді жобасын жасауға қабілетті үлкен жұмыс тәжірибесіне ие әр саланың білікті мамандары бар.
Институттың қала құрылысы құжаттамаларын, жобалардың арнайы бөлімдерін, жеке тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік ғимараттардың және медициналық арналымдағы объектілердің жеке жобаларын жасау тәжірибелері бар. Институт қызметкерлері жасаған жобалық құжаттамалар бойынша Қазақстанның, Ресейдің және Өзбекстанның қалаларындағы және Шығыс Қазақстанның ауылдық елді мекендеріндегі, оның ішінде сейсмоқауіпті аудандардағы өндірістік және азаматтық арналымдағы ғимараттар құрылысы салынды. Институттың инженер-жобалаушылары жобалауы ерекше сипатқа ие «ҮМЗ» АҚ-ның уран, тантал және бериллий өндірістерінің объектілерін қайта құру бойынша құжаттамаларын әзірледі. ҮЖКИ жобалары бойынша 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға Ескерткіш пен В.П. Потанин мемориалі, Е.П. Славскийге бюст-ескерткіш. сонымен қатар, «Стрелка» шағын ауданының құрылысы, Өскемен қаласындағы Республика алаңындағы тұрғын үйлер салынды.
Е.П. Салавский атындағы жағалаудағы құрылыстар КСРО халық шаруашылығы жетістіктер көрмесінің (ВДНХ) күміс медалімен марапатталса, «Үлбі» совхозының орталық усадьбасының құрылысы жобасы Қазақ ССР мен КСРО халық шаруашылығы жетістіктер көрмесінің 1 және 2 дәрежелі дипломдарына ие болды. Институт құрамында конструкторлар тобы бар, ол стандарттан тыс құрал жабдыққа конструкторлық құжаттама жасаумен айналысады.
Үлбі жоба-конструкторлық институты жұмысты қолда бар лицензиялар негізінде орындайды.
1. 13.08.2014 ж. жобалық қызметпен айналысуға № 14013481 мемлекеттік лицензиясы: 1 Санат.
Келесі мекен-жай бойынша «Қазақстан Республикасының Электрондық лицензиялауы» порталына орналастырылды: http://www.elicense.kz/Licenses/Details/960796
2. 2000 жылғы 19 желтоқсандағы жобалық қызметпен айналысуға ГСЛ № 002380 мемлекеттік лицензиясы:
Келесі мекен-жай бойынша «Қазақстан Республикасының Электрондық лицензиялауы» порталына орналастырылды: ІІ Санат.
http://www.elicense.kz/Licenses/Details/241537
3. 13.07.2007 жылғы келесімен айналысуға №01031Р мемлекеттік лицензия: қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызмет көрсету (табиғат қорғауды жобалау, нормалау).
Келесі мекен-жай бойынша «Қазақстан Республикасының Электрондық лицензиялауы» порталына орналастырылды: http://www.elicense.kz/Licenses/Details/299954
4. Келесімен айналысуға № 0002157 мемлекеттік лицензия: атом энергиясын пайдалану нысандарының өмір циклдерінің кезеңіне байланысты жұмыстарды орындау.
«Қазақстан Республикасының Электрондық лицензиялауы» порталына орналастырылды: http://www.elicense.kz/Licenses/Details/210555
Байланыс телефоны 8(7232) 29-82-83
Факс 8 (7232) 29-84-85
E-mail: officeUPKI@ulba.kz