«ҮМЗ» АҚ аумағында жұмыс істейтін ұйымдарға қойылатын ҚОМЖ және ДҚжЕҚҚМЖ талаптары
«ҮМЗ» АҚ-да төмендегілер әзірленген, енгізілген, пайдаланылады және жұмыс істеп тұр:
- «Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша менеджмент жүйелері. Оларды қолдануға қойылатын талаптар мен нұсқаулықтар» ISO 45001: 2018 халықаралық стандартының талаптарына сай келетін Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша менеджмент жүйесі (СМОЗиОБТ)
- ИСО 14001 «Экологиялық менеджмент жүйелері. Оларды қолдануға қойылатын талаптар және нұсқаулар» халықаралық стандартының талаптарына сәйкес қоршаған орта менеджменті жүйесі (ҚОМЖ).
- «ҮМЗ» АҚ-да «Сапа, қоршаған ортаны қорғау және денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы «ҮМЗ» АҚ басшылығының саясаты» әзірленген.
- «ҮМЗ» АҚ аумағында жұмыс істейтін ұйымдардың персоналы келесі талаптарды орындауға міндетті:
- барлық жұмыстарды еңбек қауіпсіздігі мен қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР заңнамасына сәйкес жүргізу;
- еңбек қауіпсіздігі және қорғау жөніндегі жалпы зауыттық нұсқаулықтың талаптарын қадағалау;
- тапсырыс берушіге ұсынылған бекітілген жобалық-конструкторлық құжаттама бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстарын іске асыру кезінде «Қоршаған ортаны қорғау» және «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» тарауларының талаптарын мүлтіксіз орындау;
- бериллий өндірісіне арналған еңбек қауіпсіздігі және қорғау жөніндегі жалпы нұсқаулықтың талаптарын қадағалау – бериллий өндірісінің өндірістік корпустарында жұмыстарды орындаумен айналысатын мердігер ұйымдардың персоналы үшін;
- радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын қадағалау – уран өндірісінің өндірістік корпустарында жұмыстарды орындаумен айналысатын мердігер ұйымдардың персоналы үшін;
- құрылыс қалдықтары мен басқа да қоқысты жинау және арнайы бөлінген орындарға орналастыру;
- жанар-жағармай, лак және бояу және басқа да қауіпті және зиянды химиялық заттардың төгілуіне, жайылып құйылуына және өтіп кетуіне жол бермеу;
- жұмыстар аяқталғаннан кейін үй-жайлар мен аумақты тазалау;
- энергия ресурстары мен суды үнемді пайдалану;
- мұнай өнімдері мен құрамында ластаушы заттар бар басқа да сұйық қалдықтардың жерге және нөсер кәріздері құдықтарына төгілуіне жол бермеу;
- топыраққа, нөсерлік ағындыға, тротуарларға, жолдар мен үй-жайларға жанар-жағармай, лак және бояу және басқа да зиянды химиялық заттардың, құрамында ластаушы заттар бар сұйық қалдықтардың, қатты қалдықтар және жүргізілетін жұмыс үдерісінде түзілетін басқа да қоқыстың абайсыз түсуі жағдайында, оларды тазалауды жүргізу;
- техникалық байқаудан өткен, жұмыс істеп тұрған автотракторлық техниканы (автомобильдер, тракторлар, тиегіштер, компрессорлар мен басқа да механизмдер) пайдалану;
- «ҮМЗ» АҚ қолданыстағы еңбек тәртібі ережелерін қадағалау.