Фторсутекті (балқытқыш) қышқыл
Фторсутекті (балқытқыш) қышқыл (ҚР СТ 2503-2014) – фтор құрамдас қоспаларды, реактивтерді алуға арналған химиялық өнеркәсіпте қолданылады; электронды өнеркәсіпте жартылай өткізгіш техникада қолданылады; қара және түсті металлургияда болатты және түсті металлдарды өңдеу, қалыптық құмнан жасалған құймаларды тазарту кезінде қолданылады; атом өнеркісібінде – уран фторидтерін алу үшін – ядролық жанармайды байыту және регенерациялау кезінде; мұнайды өндіруін жоғарлату мақсатында мұнай ұнғымасының оқпанын қышқылмен өңдеу кезінде; балқыту температурасын және пигменттенуді төмендету үшін эмальды өндіру кезінде, сондай-ақ фторлы тұздарды өндіру кезінде қолданылады. Бұдан басқа, әйнек жасау өндірісінде әнектен жасалған бұйымдарға суретті, жазуды түсіру, өңдеу және әйнек пен хрусталь бұйымдарын химиялық жылтырату үшін қолданылады.
Цистернада тасмалданады.
Марка | HF концентрациясы | Ерекшелігі |
А, Д, Е маркасы | 35,5 % артық емес | СТ РК 2503-2014 |
В, Г, Ж маркасы | 40,0 % артық емес | СТ РК 2503-2014 |
И маркасы | 34,0 % артық емес | СТ РК 2503-2014 |