Менеджмент жүйесі
- «ҮМЗ» АҚ басшылығының саясаты
- Сертификат (24.06.2024-23.06.2027)
- «ҮМЗ» АҚ басшылығының энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін жоғарылату саласындағы саясаты
«ҮМЗ» АҚ менеджмент жүйесі:
- тұтынушыға Тұтынушының талаптарына және қолданылатын құқықтық талаптарға сәйкес келетін өнімді ұдайы жеткізу және қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ету;
- МЖ нәтижелі қолдану, оны ұдайы жақсартып отыру және Тұтынушының талаптары және қолданылатын құқықтық талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз ету арқылы Тұтынушының қанағаттанушылығын арттыру;
- қызметтің экологиялық көрсеткіштерін жақсарту;
- өндірістік жарақаттанулардың алдын алу, денсаулыққа зиян келтірудің алдын алу және еңбекті қорғау саласындағы қызметтің көрсеткіштерін арттыру үшін жұмыс істейді.
«ҮМЗ» АҚ менеджмент жүйесіне Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ), Қоршаған орта менеджменті жүйесі (ҚОМЖ), Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі (ДҚжЕҚҚМЖ), Энергия менеджменті жүйесі (ЭНМЖ) кіреді.
СМЖ ISO 9002:1994-ке сәйкестікке алғашқы рет 1998 жылы TÜV CERT сертификаттау жөніндегі органынан растаудан өтті. ҚОМЖ ISO 14001:1996-ға сәйкестікке алғашқы рет 2003 жылы BVQi сертификаттау жөніндегі органынан растаудан өтті. ДҚжЕҚҚМЖ OHSAS 18001:2007-ге сәйкестікке алғашқы рет 2010 жылы TÜV Thüringen e.V менеждмент және персонал жүйелерін сертификаттау жөніндегі органынан растаудан өтті.
Қазіргі уақытта «ҮМЗ» АҚ төмендегі салаларда қызметті іске асыру кезінде ISO 9001:2015, ISO 14001:2015 және ISO 45001:2018 стандарттарының талаптарына «ҮМЗ» АҚ менеджемент жүйесінің сәйкестігі сертификатына ие:
- бериллий, оның қосылыстары мен олардан жасалған бұйымдар өндірісі;
- тантал, ниобий, олардың қосылыстары мен олардан жасалған бұйымдар өндірісі;
- табиғи және төмен байытылған уран қосылыстары мен энергетикалық реакторларға арналған отын таблеткалары өндірісі.