"ҮЛБІ МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ЗАУЫТЫ" АҚ
Атом энергетикасы, электронды және металлургиялық өнеркәсіп және басқа да қызмет облыстарының қажеттіліктеріне арналған уран, бериллий, тантал мен ниобий өнімдерін өндіруші. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді. Болашаққа бізбен бірге!Экология мен қауіпсіздік
ЭКОЛОГИЯ: ерекше назар аймағы
«ҮМЗ» АҚ өндірістік қызметінің ерекшелігі - қоршаған ортаға тым аз әсер ету. Негізгі технологиялық процестерді аппаратуралық ресімдеу аса көп негізгі кұрауыштарды игеруге мүмкіндік береді,яғни: уран, бериллий, тантал, ниобий және олардың табиғат ортасына әсер етуін едәуір шектейді. Өндіріс процесінде зиянды заттардың жоғары дәрежедегі кәдеге асырылуы – кәсіпорын конструкторлары мен технологтарының аса маңызды жетістіктері.
Алдыңғы қатарлы технологияларды, жаңа жабдықтар мен автоматтандырылған басқару жүйелерін пайдалану оперативтік түрде технологиялық процестерді бақылауға мүмкіндік береді, және, қажет болса, адамның өніммен байланысынсыз автоматтық режимде өзгертулер енгізеді.
Технологиялық процестердің нәтижесінде шығатын шаңды, газды қоспалар арнайы көп дүркін қосарландырылған шаң-,газдан тазартатын қондырғыларда тазартылады. Олардың негізінде - Петрянов матасын пайдалану. Ауа бассейніне зиянды заттардың шығарылуы белгіленген нормативтерден аз және қоршаған ортаға керіс әсерін тигізбейді.