Хабарландырулар

kn   Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 4 қарашадағы №241-НҚ «Үлбі металлургиялық  зауыты» АҚ 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 30 қарашаға дейінгі кезеңге жылу энергиясын беру және бөлу қызметтеріне тарифпен тарифтік смета бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2021 жылғы 25 қазандағы №214-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығымен «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ үшін жылу энергиясын беру және бөлу қызметтеріне 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 30 қарашаға дейінгі кезеңге 3 208,52 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз) мөлшерінде. Бекітілген тарифке 2 139,55 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз) 1 068,97 тенгеге немесе 49,96% өсіммен тариф бекітілді.

kn   «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ 2024 жылғы 30 шілдеде сағат 15.00-де жылу энергиясын беру және бөлу қызметтері бойынша іс-шаралар туралы 2024 жылдың жарты жылдық қорытындысы бойынша есеп беру жөнінде көпшілік тыңдауды Абай даңғ. 102, Көрме-ақпарат орталығында өткізеді.

kn    2023 жылдың қорытындысы бойынша «ҮМЗ» АҚ артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы хабарландыру

«Үлбі металлургиялық зауыты» акционерлік қоғамы БСН 941040000097, Өскемен қ., Абай даңғылы, 102, мекенжайы бойынша орналасқан; банк деректемелері: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЖСК KZ756010151000014503, БСК (SWIFT) HSBKKZKX.

2023 жылдың қорытындысы бойынша «ҮМЗ» АҚ артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы ХАБАРЛАЙДЫ:
- бір артықшылықты акцияға шаққандағы дивидендтің кепілді мөлшері 200 теңгені құрайды;
- бір артықшылықты акцияға шаққандағы дивидендтің кепілден тыс мөлшері 2 066 теңге 21 тиынды құрайды;
- артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төленеді:

1. 2024 жылғы 4 маусымнан бастап 6 маусымға дейін карточкалық және есеп айырысу шоттарына қаражатты аудару жолымен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда:

2. 2024 жылғы 7 маусымнан бастап 21 маусымға дейін дивидендтер төлеуге тартылған қызметкерлер арқылы ақшалай қаражат төлеу жолымен, сондай-ақ пошта арқылы аудару жолымен (өтініш болған жағдайда):


kn    «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ 2024 жылғы 30 сәуірде сағат 14.00-де жылу энергиясын беру және бөлу қызметтері және электр энергиясын беру қызметі бойынша іс-шаралар туралы 2023 жылдың қорытындысы бойынша есеп беру жөнінде көпшілік тыңдауды Абай даңғ. 102, Көрме-ақпарат орталығында өткізеді.

kn    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №247-НҚ «Өскемен қаласы «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ көрестіп отырған электр энергиясын беру бойынша қызметтіне тарифпен тарифтік смета бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2020 жылғы 13 шілдедегі №87-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығымен «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ үшін электр энергиясын беру бойынша қызметіне 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізумен 1,952 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде, бұрын бекітілген тарифке 1,397 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) 0,555 тенгеге немесе 39,73% өсіммен тариф бекітілді.

kn    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2023 жылғы 13 қарашадағы №199-НҚ «Үлбі металлургиялық  зауыты» АҚ 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 30 қарашаға дейінгі кезеңге жылу энергиясын беру және бөлу қызметтеріне тарифпен тарифтік смета бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2021 жылғы 25 қазандағы №214-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығымен «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ үшін жылу энергиясын беру және бөлу қызметтеріне 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 30 қарашаға дейінгі кезеңге 2911,50 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз) мөлшерінде. Бекітілген тарифке 2086,53 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз) 824,97 тенгеге немесе 39,54% өсіммен тариф бекітілді.

kn    Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ 2023 жылғы 27 шілдеде сағат 15.00-де жылу энергиясын беру және бөлу қызметтері  бойынша іс-шаралар туралы 2023 жылдың жарты жылдық қорытындысы бойынша есеп беру жөнінде көпшілік тыңдауды Абай даңғ. 102, Көрме-ақпарат орталығында өткізеді.

kn   «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ 2023 жылғы 27 сәуірде сағат 15.00-де жылу энергиясын беру және бөлу қызметі және электр энергиясын беру қызметі бойынша іс-шаралар туралы 2022 жылдың қорытындысы бойынша есеп беру жөнінде көпшілік тыңдауды Абай даңғ. 102, Көрме-ақпарат орталығында өткізеді.

kn   Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2022 жылғы 18 тамыздағы №174-НҚ «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 30 қарашаға дейінгі кезеңге жылу энергиясын беру және бөлу қызметтеріне тарифпен тарифтік смета бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2021 жылғы 25 қазандағы №214-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығымен «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ үшін жылу энергиясын беру және бөлу қызметтеріне:
2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 30 қарашаға дейінгі кезеңге 2 123,54 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз) мөлшерінде. Қолданыстағы тарифке 1 914,11 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз) 209,43 тенгеге немесе 10,94% өсіммен;
2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 30 қарашаға дейінгі кезеңге 2 140,62 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз) мөлшерінде. Бекітілген тарифке 1978,86 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз) 161,76 тенгеге немесе 8,17% өсіммен тарифтер бекітілді.

kn   «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ 2022 жылғы 28 шілдеде сағат 15.00-де жылу энергиясын беру және бөлу қызметтері бойынша іс-шаралар туралы 2022 жылдың жарты жылдық қорытындысы бойынша есеп беру жөнінде көпшілік тыңдауды Абай даңғ. 102, Көрме-ақпарат орталығында, санитарлық-дезинфекциялық режиммен санитарлық норма талаптарын сақтай отырып өткізеді.

kn   «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ 2022 жылғы 29 сәуірде сағат 15.00-де жылу энергиясын беру және бөлу қызметі  және электр энергиясын беру қызметі бойынша іс-шаралар туралы 2021 жылдың қорытындысы бойынша есеп беру жөнінде көпшілік тыңдауды Абай даңғ. 102, Көрме-ақпарат орталығында, санитарлық-дезинфекциялық режиммен санитарлық норма талаптарын сақтай отырып өткізеді.

kn   Сыртқы мүдделі тараптардан өтініштер беру және оларды қарау жаднамасы

«Үлбі металлургиялық зауыты» акционерлік қоғамы өз қызметі мен жұмыстарын кәсіпорын объектілері мен ілеспе инфрақұрылымдардың жанында тұратын адамдар үшін немесе Кәсіпорын қызметінің ықтимал әсеріне ұшыраған басқа да мүдделі тараптар үшін проблемалар мен алаңдаушылық көзіне айналмайтындай етіп жүргізуге тырысады.
Дегенмен, біз, туындаған мәселелердің әрқайсысын тіркеп, тиісті түрде қарау үшін, Сізді алаңдататын барлық проблемалар туралы немесе кәсіпорынның қызметіне қатысты нақты шағымдар туралы білгіміз келеді.

Мен қандай өтініш бере аламын?

Кез келген адам, егер де қандай да бір әрекет немесе жұмыс өзіне, тұратын елді мекеніне, мүлкіне, капиталына немесе қоршаған ортаның жай-күйіне теріс әсерін тигізеді деп есептесе, «ҮМЗ» АҚ хабарласа алады. Мұндай шағымдарға мыналарды жатқызуға болады:
– жергілікті тұрғындарға жағымсыз әсерлер (шамадан тыс шу, көлік қозғалысы және басқа да мазасыздықтың түрлері);
– жеке және қоғамдық меншікке зиян келтіру;
– құрылыс немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қоршаған ортаға әсері;
– кәсіпорын қызметкерлерінің және/немесе жергілікті тұрғындардың денсаулығына, қауіпсіздігіне және қорғалуына қауіп төндіретін қызмет түрлері немесе технологиялар.

«ҮМЗ» АҚ қалай байланысуға болады?
Кез келген адам Компанияға келесідей шағым бере алады:
– Телефондар арқылы: 8(7232) 29-81-03, 29-81-63, 29-80-95
– Электрондық мекенжайға: mail@ulba.kz
– Қоса берілген шағым нысанын толтырып, оны келесі мекенжайға жіберу немесе қолма-қол тапсыру арқылы: 070005 ҚР, ШҚО, Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 102, ЖжМОББ.

«ҮМЗ» АҚ менің өтінішімді қалай қарайды?

1-қадам: Қабылдауды растау: «ҮМЗ» АҚ сіздің көрсеткен мәселеңізді растау және мүмкіндігінше шешу туралы хабарлау үшін (егер өтініш анонимді болмаса) келесі мерзімдерде сізбен хабарласады:
– дереу – ауызша шағым болған жағдайда;
– келіп түскен сәттен бастап 3-тен 5 жұмыс күніне дейін – жазбаша шағымды алған кезде.
Бұл растамада Сіздің өтінішіңіздің нөмірі, өтінішіңізді жүргізуге жауапты ҮМЗ қызметкері, сондай-ақ көрсетілген мәселені қараудың болжалды аяқталу күні (мүмкіндігінше) туралы ақпарат болады.
2-қадам: Қарау: «ҮМЗ» АҚ сіздің шағымыңызда көрсетілген мәселені тексеріп зерттейді. Мәселені зерттеу барысында сізге хабарласуымыз қажет болуы мүмкін.
3-қадам: Шешім: Сіздің өтінішіңізге байланысты тексеру аяқталғаннан кейін, біз алынған нәтижелер мен көрсетілген мәселе бойынша бізбен ұсынылатын шешімдерді хабарлау үшін сізбен байланысамыз. Егер бізбен жүргізілген тексеру бойынша өтініште көрсетілген мәселенің кәсіпорын қызметіне қатысы болмаса немесе Сіздің өтінішіңіздің мазмұнына байланысты ҮМЗ Мемлекеттік нормалар мен қолданылатын халықаралық стандарттарды бұзбайтыны анықталса, біз бұл туралы сізге жазбаша түрде жауап береміз. Әйтпесе, біз өтініште көрсетілген мәселені шешу жолдарын ұсынамыз. Егер де Сіз біз ұсынған мәселенің шешімін және оның орындалуын қанағаттанарлық деп санасаңыз, біз Сіздің келісіміңіз бойынша, өтінішті қанағаттандыру туралы құжатқа қол қоюыңызды сұраймыз. Егер сіз біздің шешімімізге қанағаттанбасаңыз, мәселені шешудің басқа жолдарын әрі қарай талқылау үшін сізбен хабарласамыз.
4-қадам: Кейінгі іс-шаралар: «ҮМЗ» АҚ оның қызметі бұдан әрі проблемалар тудырмайтынына көз жеткізу үшін кейіннен Сізбен хабарласуы мүмкін.
Құпиялылық: Егер Сіздің өтінішіңіздің құпия болуын қаласаңыз, ҮМЗ Сіздің келісіміңізсіз Сіздің атыңыз бен байланыс деректеріңіздің жария етілмеуін қамтамасыз етеді. Бұл ретте Сіздің өтінішіңізді қараумен тікелей айналысатын «ҮМЗ» АҚ қызметкерлері ғана осы ақпаратқа қол жеткізе алады. Егер біз үшін Сіздің деректеріңіз немесе Сіздің өтінішіңіздің мәні туралы ақпаратты ашпай, мәселені барабар зерттеу немесе шешу мүмкін болмаса (мысалы, егер сот дауларында сіздің айғақтарыңыз қажет болса), Сіздің өтінішіңізбен тікелей жұмыс істейтін ҮМЗ қызметкерлері осы мәселе бойынша сіздің қалауыңызды Сізбен алдын ала талқылайды.
Анонимділік: егер Сіз анонимді өтініш бергіңіз келсе, қоса берілген нысанда тиісті белгіні қойыңыз. Сіздің өтінішіңіз кез-келген жағдайда қарастырылады, алайда кері байланыс ақпаратының болмауы тексеруді қиындатуы мүмкін және Біз Сіздің өтінішіңіздің зерттеу нәтижелерін хабарлау үшін сізбен байланыса алмаймыз.

Өтініш/шағым беру нысаны

kn    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2020 жылғы 25 қазандағы №214-НҚ «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 30 қарашаға дейінгі кезеңге жылу энериясын беру және бөлу қызметтеріне тариф пен тарифтік сметаны бекіту туралы» бұйрығымен «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ үшін 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 30 қарашаға дейінгі кезеңге жылу энергиясын беру және бөлу қызметтеріне келесі тарифтер бекітілді: 
(ҚҚС-сыз)

Қызметтердің атаулары өлшем бірлігі 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 30 қарашаға дейінгі кезеңге 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 30 қарашаға дейінгі кезеңге 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 30 қарашаға дейінгі кезеңге 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 30 қарашаға дейінгі кезеңге 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 30 қарашаға дейінгі кезеңге
Жылу энергиясын беру және бөлу теңге/Гкал 1 914,11 1 978,86 2 086,53 2 139,55 2 249,35

kn    «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ 2021 жылғы 30 шілдеде сағат 15.00-де жылу энергиясын беру және бөлу қызметі бойынша іс-шаралар туралы 2021 жылдың жарты жылдық қорытындысы бойынша есеп беру жөнінде көпшілік тыңдауды Абай даңғ. 102, Көрме-ақпарат орталығында, кұшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен санитарлық норма талаптарын сақтай отырып өткізеді.

kn   Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2020 жылғы 26 наурыздағы №45-НҚ «Өскемен қаласы «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ көрсетіп отырған жылу энергиясын беру және бөлу қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейін және тарифтік сметаларды 2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 30 қарашаға дейінгі ұзақ мерзімді кезеңге бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2016 жылғы 24 қазандағы №200-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығымен «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ үшін 2020 жылғы 1 сәуір қолданысқа енгізумен 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 30 қарашаға дейінгі кезеңге жылу энергиясын беру және бөлу қызметінің тарифі 1 487,33 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз) мөлшерінде бекітілді. Қолданыстағы тарифке 1 105,36 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз) 381,97 тенгеге немесе 34,56% өсіммен.

kn   01.03.2021 ж. бастап қызметтік автобустардың жүру кестесі осы жерде орналасқан.
Автобусқа тек рұқсатнамалар бойынша және қатаң түрде бетпердемен кіру қажет!

kn   Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) 2020 жылғы 13 шілдедегі №87-НҚ «Өскемен қаласы «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ көрсетіп отырған электр энергиясын беру қызметіне тарифпен тарифтік сметаны бекіту туралы» бұйрығымен «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ үшін 2020 жылғы 1 тамыздан қолданысқа енгізумен электр энергиясын беру қызметінің тарифі 1,397 теңге/кВт (ҚҚС-сыз) мөлшерінде бекітілді. Қолданыстағы тарифке 1,536 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) 0,139 тенгеге немесе 9,05% төмендетумен.
Жоғарыда көрсетілген Департаменттің бұйрығы Шығыс Қазақстан облыстық сотының 2021 жылғы 21 қаңтардағы №6399-20-00-2а/2358 азаматтық ісі бойынша сот алқасының қаулысына сәйкес заңды күшіне енді.

kn   Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2021 жылғы 3 ақпандағы №19-НҚ бұйрығымен «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2016 жылғы 24 қазандағы «Өскемен қаласы «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ көрсетіп отырған жылу энергиясын беру және бөлу қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейін және тарифтік сметаларды 2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 30 қарашаға дейінгі ұзақ мерзімдік кезеңге бекіту туралы» №200-НҚ бүйрығының іс-әрекетін тоқтату туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2018 жылғы 28 қарашадағы №263-НҚ бұйрығының күші жойылды.