Басқарма
Қоғамның Басқармасы Қоғамның алқалық атқару органы болып табылады.
Қоғамның Басқармасы Қоғам қызметiн ағымды басқаруды іске асырады және заңнама мен Қоғам Жарғысында Қоғамның басқа органдары мен лауазымды тұлғаларының құзыретiне жатқызылмаған қызметтің кез келген мәселелері бойынша заңнама мен Қоғам Жарғысына сәйкес шешiм қабылдауға құқылы. Қоғам Басқармасын Қоғамның Басқарма Төрағасы басқарады.
Қоғамның Басқарма Төрағасы Басқарма қызметін ұйымдастырады, Басқарма мүшелерінің арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттіктер мен жауапкершілік аясын бөледі, Басқарманың негізделген және тиімді шешімдерді қабылдауын қамтамасыз етеді, Басқарма отырыстарында төрағалық жасайды, Басқарма шешімдеріне қол қояды, Қоғам Жарғысы мен Басқарма туралы қағидада көзделген басқа да мәселелерді шешеді.
Қоғамның Басқарма мүшелеріне қызметтік функционалдық бағыттары бойынша еңбегіне ақы төлеу ҚР Еңбек кодексіне, Қоғам Жарғысына және Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімдеріне сәйкес іске асырылады. Басқарма мүшелеріне Қоғамның атқару органындағы жұмысы үшін қосымша сыйақы көзделмеген.