Отын таблеткалары
«ҮМЗ» АҚ Уран өндірісі құрамында уран бар материалдарды қайта өңдеу қызметтерінің көп түрін ұсына отырып, түрлі типтегі энергетикалық реакторларға арналған кермикалық ядролық отын таблеткаларын жасау бойынша кең мүмкіндіктерге ие.
Өндірілетін өнім – отын таблеткаларына ерекше назар бөлінеді, себебі оған ядролық реактордың қауіпсіз және сенімді жұмыс істеуі байланысты болады. Мықты ғылыми негіз, біліктілігі жоғары мамандардың және озық технологиялардың болуы Уран өндірісіне шығарылатын отын таблеткаларының сапасын ұдайы жетілдіріп отыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда «ҮМЗ» АҚ Уран өндірісі мына типтегі отын таблеткаларын сертификатталған өндіруші болып табылады:
- ВВЭР, РБМК типті ресейлік дизайндағы реакторларға арналған отын таблеткалары, соның ішінде жанып кететін тұтқыш қоспалары бар;
- франциялық дизайндағы AFA 3G отынына арналған отын таблеткалары.
«ҮМЗ» АҚ Уран өндірісі 30 жыл бойында Ресейдің ВВЭР және РБМК реакторларына арналған отын таблеткаларын негізгі жеткізуші болып келді. Зауыт өзін жоғары сапалы өнімді өндіруші ретінде көрсете алды. 2010 жылы «ҮМЗ» АҚ Уран өндірісі франциялық дизайндағы реакторлардың AFA 3G типті отынына арналған отын таблеткаларының жаңа түрін игерді. Мұндай таблеткаларды өндіру AREVA (Франция) және CJNF (Қытай) компанияларымен сертификатталған. Бүгінде «ҮМЗ» АҚ Қытай АЭС үшін отын таблеткаларын негізгі жеткізушілердің бірі болып табылады.
Уран өндірісінің маркетинг қызметі:
email: Marketing_U@ulba.kz
телефон: 7 (7232) 29-86-05
факс: 7 (7232) 24-06-83, 7 (7232) 29-82-73