Уран қосылған өнім
-
Табиғи уран закись-окисі
-
Ядролық керамикалық сұрыптағы
-
Отын таблеткалары
-
Құрамында уран бар қиын аршылатын материалдарды қайта өңдеу
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Уран өндірісі – бұл ядролық салада зор тәжірибесі бар атом электрстанцияларына арналған уран отынын өндіретін әлемдегі бірегей және ірі кешендердің бірі.
Көрсетілетін қызметтердің кең спектрі, икемді өндірістік және маркетингтік саясат, жоғары сапалы өнім Үлбі металлургиялық зауытының АЭС-ке арналған ядролық отынның әлемдік нарығына белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Қатаң мемлекеттік бақылау жағдайларында құрамында уран бар материалдарды қайта өңдеу нарығындағы жарты ғасырлық жұмыс тәжірибесі, біліктілігі аса жоғары персонал тұтынушылардың кез келген талаптарын қанағаттандыратын өнімді кепілдемелі өндіруге мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның мамандары әзірлеген бірегей технология дәстүрлі шикізат түрлерін ғана емес, сонымен қатар құрамында уран бар қиын аршылатын материалдар: күл, ерімейтін, соның ішінде құрамында жанып кететін тұтқыштар (эрбий мен гадолиний) бар шөгінділерді тиімділігі жоғары қайта өңдеуді қамтамасыз етеді. Қолданылатын технологияның әмбебаптылығы құрамында уран бар материалдардың кең спектрін, соның ішінде қалпына келтірілген шикізатты Тапсырыс берушінің спецификациясының ең жоғары талаптарына сәйкес келетін өнімге дейін қайта өңдеу мүмкіндігінен көрінеді.
Озық технологияларды, автоматтандырылған басқаруды және заманауи технологиялық жабдықты пайдалану құрамында уран бар материалдар және оны қайта өңдеу өнімдерімен адамның қатынасқа түсуін барынша азайта отырып, технологиялық процесті автоматты режимде жедел басқаруға және түзетуге мүмкіндік береді.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Уран өндірісі Қазақстан Республикасында алғашқы болып сапа менеджменті жүйесінің халықаралық талаптарға сәйкес келуіне сертификаттаудан өтті.
«ҮМЗ» АҚ Уран өндірісінің өндірістік қызметі экология саласындағы әлемдік талаптарға сәйкес келеді, ал қолданыстағы қоршаған орта менеджменті жүйесі 2015 жылғы нұсқадағы ISO 14001 стандартына сертификатталған.
Қазіргі уақытта уран өндірісі төмендегілерді жеткізуші ретінде сертификатталған:
- керамикалық сұрыпты уран диоксидінің ұнтақтары – америкалық General Electric компаниясы (1998 жылы);
- керамикалық сұрыпты уран диоксидінің ұнтақтары – жапониялық Nuclear Fuel Industry компаниясы (2010 жылы);
- AFA 3G типті отын таблеткалары – франциялық AREVA NP компаниясы (2010 жылы);
- AFA 3G типті отын таблеткалары – қытайлық CJNF компаниясы (2010 жылы);
- уран диоксидінің ұнтақтары – швециялық Westinghouse компаниясы (2012 жылы).
Қазіргі таңда «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Уран өндірісі әлемдік нарықта төмендегі өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді ұсына алады:
- табиғи уранның шала тотық-тотығы;
- ядролық керамикалық сұрыпты уран диоксидінің ұнтақтары;
- ВВЭР, РБМК типті ресейлік дизайндағы реакторларға арналған отын таблеткалары, соның ішінде жанып кететін тұтқыш қоспалары бар;
- PWR типті реакторларға арналған, соның ішінде франциялық AREVA NP фирмасының дизайнындағы реакторларға арналған AFA 3G типті отын үшін отын таблеткалары;
- аршылуы қиын құрамында уран бар материалдарды қайта өңдеу бойынша қызметтер;
- 2019 жыл нәтижелері бойынша өнімнің заттай көрінісіндегі (уран өнімін шығару) өндірістік өнімділігі 3 615 тонна құрайды.
Уран өндірісінің өнімін сертификаттаудағы орасан зор тәжірибе барынша қысқа мерзім ішінде өнімнің жаңа түрін игеруге мүмкіндік береді, мұның өзі жаңа нарықтарды игеру мен бар және әлеуетті Тапсырыс берушілермен ынтымақтастықтың жаңа белестеріне қол жеткізу мүмкіндігін береді.
Өнімді сату сұрақтары бойынша Уран өндірісінің маркетинг бөліміне хабарласуға болады:
Е-mail: Marketing_U@ulba.kz
телефон: +7 (7232) 29-86-05
факс: +7 (7232) 24-06-83, +7 (7232) 29-82-73