Директорлар кеңесі
Директорлар кеңесі Қоғам қызметіне жалпы басшылық жасауды іске асыратын Қоғамның басқару органы болып табылады. Директорлар кеңесінің шешімдері Қоғам Жарғысында, Қоғамды Корпоративтік басқару кодексінде және Директорлар кеңесі туралы қағидада белгіленген тәртіпте қабылданады.
Қоғамда Жалғыз акционердің Шешімімен бекітілген Директорлар кеңесі туралы қағида әрекет етеді. Директорлар кеңесі Қоғамды тиімді басқаруды қамтамасыз етіп қана қоймай, бақылау жүйесінің жұмыс істеуіне, сондай-ақ Жалғыз акционердің құқықтары мен заңды мүдделерін қадағалау мен қорғауды да қамтамасыз етеді.
Директорлар кеңесінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қағидаттарға және іскери этика нормаларына негізделеді.
Директорлар кеңесі мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар
Директорлар кеңесі мүшелігіне кандидаттар және Директорлар кеңесінің мүшелерінде өз міндеттерін орындау және Жалғыз акционер мен Қоғамның мүдделері үшін Директорлар кеңесінің тиімді жұмыс істеуін ұйымдастыру үшін тиісті жұмыс тәжірибесі, білімі, іскери және (немесе) салалық ортадағы біліктілігі мен оң жетістіктері болуға және Қоғамның ішкі құжаттарында көзделген талаптарға жауап беруге тиіс.
Қоғамның тәуелсіз директорларына қойылатын талаптар
Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес Қоғамның тәуелсіз директорының кандидатурасы мына критерийлерге жауап беруге тиіс:
- Қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылмайды және Директорлар кеңесіне сайланудың алдындағы үш жыл ішінде болған жоқ (Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымын атқару жағдайын қоспағанда);
- Қоғамның және оның аффилиирленген тұлғаларының қызметкері болып табылмайды және Директорлар кеңесіне сайланудың алдындағы үш жыл ішінде болған жоқ;
- Қоғамның қызметкерімен жақын туыстықта (ата-анасы, ағасы, апайы, ұлы, қызы), некеде, сондай-ақ жегжаттықта (жұбайының ағасы, апайы, ата-анасы, ұлы немесе қызы) тұрған жоқ және Қоғамның Директорлар кеңесіне сайланудың алдындағы үш жыл ішінде тұрған жоқ;
- Қоғамның аффилиирленген тұлғаларына қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайды;
- Қоғамның лауазымды тұлғаларына немесе ұйымдардың – Қоғамның аффилиирленген тұлғаларының бағыныстылықпен байланысты емес және Директорлар кеңесіне сайланудың алдындағы үш жыл ішінде аталған тұлғалармен бағыныстылықта болған жоқ;
- Қоғамның немесе оның аффилиирленген тұлғаларының ірі клиенті немесе жеткізушісінің аффилиирленген тұлғасы болып табылмайды және Директорлар кеңесіне сайланудың алдындағы үш жыл ішінде болған жоқ;
- Қоғамнан немесе оның аффилиирленген тұлғаларынан айтарлықтай қаржыландыру алатын коммерциялық емес ұйымның аффилиирленген тұлғасы болып табылмайды;
- Қоғамға немесе оның аффилиирленген тұлғаларына кез келген сипаттағы ақылы қызметтер, соның ішінде кеңес беру қызметтерін көрсетпейді;
- Қоғам қызметкері Директорлар кеңесінің мүшесі лауазымын атқаратын заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы болып табылмайды;
- мемлекеттік қызметші болып табылмайды;
- Қоғам аудиторы болып табылмайды және Директорлар кеңесіне сайланудың алдындағы үш жыл ішінде болған жоқ;
- аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде Қоғам аудитіне қатыспайды және Директорлар кеңесіне сайланудың алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатысқан жоқ;
- Қоғам аудиторының немесе оның аффилиирленген тұлғаларының аффилиирленген тұлғасы болып табылмайды және Директорлар кеңесіне сайланудың алдындағы үш жыл ішінде болған жоқ.